Жаңа оқу жылының бірінші күнінде Нұрлыбек, Диана және Бекзат Келісбековтер Елбасы кітапханасына барды. Мекеме қызметкерлері балаларға сыйлықтар табыстап, оқуда сәттілік тіледі. Кішкентай қонақтарға «Баланы мектепке дайындаймыз» акциясы аясында мектеп құралдары мен киімдер сыйға тартылды.

Рыскүл Өтегенова мен оның немерелері үшін «Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалы «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу игі дәстүрге айналған.
Елбасы кітапханасының бастауыш партия ұйымында қазіргі таңда еліміздегі ең ірі партияның 93 мүшесі бар. Балалар Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратына алғаш келіп, экспозицияларды, сондай-ақ интерактивті платформаларды тамашалады.
Кездесу барысында балалар жазғы демалысты қалай өткізгенін айтты. Әңгіме соңында, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының өкілдері өздерінің жылы лебіздерін білдіріп, сыйлықтарын ұсынды.