БАЛАЛАРДЫҢ АСТАНА КҮНІНЕ ТАРТУЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Нұр-Сұлтан қаласындағы №38 «Шаттық» бөбекжай-балабақшасы тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Еркін елдің еңселі елордасы – Нұр-Сұлтан» балалар фестивалі өтті.

Жас өрендер қонақтарға қазақ халқының аңыздары негізінде жарқын әрі түрлі-түсті костюмдер қойылымын көрсетіп, елорда, достық және бақытты балалық шақ туралы әндер шырқап, өлеңдер оқып, өз өнерлерін ортаға салды. Фестиваль барысында Елбасы кітапханасының қорынан алынған бейне материалдар мен фотоқұжаттар қолданылды.

– Балаларға арналған тақырыптық мерекелерді өткізу – Елбасы кітапханасының елордалық Білім басқармасы және мектепке дейінгі мекемелерімен жемісті серіктестігінің көрінісі. Әрі осы игі іс дәстүрге айналды. Мұндай іс-шаралар балалардың жан-жақты дамуына, мектеп жасына дейінгі өрендерді өз халқының әртүрлі әдет-ғұрып, дәстүрлерімен, рухани құндылықтарымен таныстырып, патриотизмді қалыптастыруға ықпал етеді. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының ең кішкентай азаматтарының өзін-өзі көрсетуі мен шығармашылық әлеуетін іске асырудың жарқын көрінісі болып саналады. Іс-шараға дайындық барысында жас азаматтар елорданың қалыптасуы мен дамуындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың рөлімен танысады, – деп атап өтті Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова. Сондай-ақ барлық қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтады.

Ол балабақша ұжымына алғысын білдіріп, кітапхана басшылығы атынан директорға, әдіскерлер мен тәрбиешілерге алғыс хаттар табыс етті. Балаларға фестивальден естелік ретінде сыйлықтар мен кәдесыйлар берілді.

– Қойылыммен қоса Елбасының балабақшалар мен мектептерде балалармен түскен архивтік фотосуреттері көрсетілген кезде, елордамыздың қалыптасуы мен дамуының бүкіл тарихы көз алдыма келді. Осыдан 15 жыл бұрын 2006 жылы №38 бөбекжай-балабақшасын ашқанымыз есімде. Менің кезімде осы жоба бастау алды. Жарқын жобаның әлі күнге  дейін жалғасып, дамып, кеңейіп келе жатқаны қуантады. Елбасы кітапханасына мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қолдағаны үшін алғысымды білдіремін. Ең бастысы, осындай іспен қазақстандықтардың жас буынының бойында патриоттық және азаматтық сезім қалыптасады, – деді өз сөзінде елордалық білім басқармасының бұрынғы басшысы Әсима Бимендина.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Сүлейменова іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын, оның тәрбиелік және идеологиялық маңыздылығын атап өтті.

– Біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлына қазақстандық балалардың бақытты балалық шағы үшін жасаған және жүргізіп келе жатқан барлық істері үшін рахмет, – деді Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры Раиса Шер.