«БАҚЫТТЫҢ КІЛТІ» БАЛАЛАР КӨЗІМЕН

2019 жылғы 11 қаңтар күні Елбасы кітапханасының музейінде №75 мектеп-гимназиясының оқушыларына «Бақыттың кілті» атты сабақ өтті. Тағылымды іс-шара «Туған жер» бағдарламасы бойынша Астана қаласының Білім басқармасымен бірлескен серіктестік жобасы аясында ұйымдастырылды.

Сабақ барысында балалар «бақыт» ұғымының терең мән- мағынасымен танысты. Жеткіншектер Қазақстан Президентінің өмірбаянымен ерекше қызығушылықпен танысты.  Елбасы өмір жолының жарқын да сындарлы сәттері ешкімді бей-жай қалдырмады. Шағын топтардағы жұмыс қатысушылардың көшбасшылық қасиеттері мен интеллектуалдық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік берді. Балалардың басым көпшілігі қазақ әдебиетін тамаша білетіндіктерін көрсетті.

Ерекше сабақ оқушылар мен мұғалімдердің оң әсерлерін тудырды.

№75 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлжазира Керімова:

– Сабақтың негізгі мақсаты – балаларды Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаянымен таныстыру. Сабақ тақырыбының атауы да кездейсоқтық емес. Өскелең ұрпақ бала кезінен Отанына шексіз қызмет ету – шынайы бақыт екенін түсінуі тиіс. Елбасының даңғыл жолы – осының айқын дәлелі.

№5 мектеп-гимназиясының оқушысы Аружан Жарқынбек:

– Мен Президентіміздің өмірбаяны мен қызметімен тереңірек танысу үшін Елбасы кітапханасының музейіне келдім. Маған сабақ пен экскурсия қатты ұнады. Мені Президентіміздің еңбекқорлығы,  табандылығы, білімге деген ұмтылысы таң қалдырды. Мен Елбасындай болуды армандаймын.