2015 жылғы 17 наурызда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Ақтөбе, Маңғыстау, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Екібастұз, Көкшетау қалалары тарихи-өлкетану мұражайларының, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті музейі мен «Атамекен» Қазақстан картасы» мемориалдық кешенінің қызметкерлеріне экскурсия өткізілді.
Жақын күндері Елбасы кітапханасы келіп түскен өтінімдер негізінде апта сайынғы экскурсиялар ұйымдастыруды қайтадан жаңғыртады. Біздің жаңалықтарымыздан көз жазып қалмаңыздар.
