АСТАНАНЫҢ ЖАС ТҰРҒЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН ЕРІКТІЛЕР САҒАТЫ

Елбасы кітапханасының Әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру жобалары қызметінің қызметкерлері мен волонтерлері №72 мектеп-лицейінің 5-6 сынып оқушылары үшін «Елорда-мемлекет бірлігінің нышаны» тақырыбында еріктілер сағатын ұйымдастырды.
 
 
Оқушылар Қазақстанның заманауи астанасының қалыптасу тарихымен танысты. Мұрағаттағы фотосуреттер қаланың өткен және қазіргі таңдағы сәулеті туралы түсінік алуға мүмкіндік сыйлап, елдің бас қаласындағы ауқымды өзгерістерді айқын көрсетті. Волонтерлер Елбасының архитектуралық идеялары мен оның елорданың дамуына қосқан үлесі туралы көсілді.
 
 
Балалар елорданың үздік сәулет нышандары: «Бәйтерек» кешені, британдық сәулетші Норман Фостердің бірегей туындысы «Бейбітшілік және келісім сарайы», әлемдегі ең биік шатыр құрылысы – «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығы және т. б. туралы тарихи шолуға үлкен қызығушылық танытты.
 
Сонымен қатар, еріктілер оқушылармен эмоционалды бейнелерді оятуға және оқушылардың өз елін зерттеуге деген қызығушылығын дамытуға бағытталған «Мен өз астанамды білемін» ойынын өткізді.
 
– Маған Қазақстан астанасы туралы сабақ өте қатты ұнады. Елбасы кітапханасының еріктілерін тыңдау өте қызықты әрі пайдалы болды, - деп өз әсерімен бөлісті 5 «Д» сыныбының оқушысы Арсен Лесбек.
 
Оның сыныптасы Әлихан Қарымов та өз ойын білдірді: «Өте мазмұнды сабақ. Қаламыздың тарихын білу біз үшін маңызды».