АСТАНАНЫҢ ЖАС ТҰРҒЫНДАРЫ ТАРИХҚА САЯХАТ ЖАСАДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Музей және балалар. Бүлдіршіндерге арналған әліппе-жолкөрсеткіш» ғылыми-ағартушылық жобасы аясында елордалық №35 «Ертегі» балабақшасының тәрбиеленушілеріне «Менің шежірем – ел  шежіресінің бөлігі» тақырыбында музей сабағы өткізілді.

 

Музей сабақтары өткен дәуірден сыр шертіп, жас өрендердің қоршаған орта туралы білім көкжиектерін кеңейтіп, коммуникативтік және әлеуметтік дағдыларын дамытуға көмектеседі.

Оң жағалауда орналасқан Елбасы кітапханасы музейінің ғимаратындағы Қауіпсіздік Кеңесі залының жәдігерлері арасында өткен сабақта балалар «Батырлар институты» ұғымымен танысты. Сондай-ақ олар қазақ батырларының қару-жарағы «бес қару» жиынтығын зерттеп, ой-өрістерін кеңейтті.

 

Сонымен қатар, жас өрендердің назарына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жеке архивінен алынған фотосуреттер ұсынылды.

«Музейдегі сабақ балаларға өте ұнады. Мұндай өзекті тақырып бүлдіршіндер бойында халқының тарихы мен мәдениетін зерттеуге деген қызығушылығын тудырып, патриоттық сезімдердің оянуына ықпал етеді. Елбасы кітапханасына музей сабағын ұйымдастырғаны үшін алғысымды білдіремін», – деді балабақша меңгерушісі Ләззат Рахменова.