АСТАНАНЫҢ ЖАНДЫ ТАРИХЫ. ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН КӨШПЕЛІ ДӘРІС

2017 жылдың қазанында Елбасы кітапханасының қызметкерлері қалыптасқан дәстүрмен елордалық оқушыларға «Астанатану» элективті курсы бойынша көшпелі сабақ өткізілді. 16–20 қазан аралығында № 22 мектеп-гимназиясының 6-сыныптарынан 70-ке жуық оқушы дәріс тыңдады.

Мәдени-ағарту курсына Астана, оның тарихы, мәдени-тарихи ескерткіштері, тарихи тұлғалары туралы кеңейтілген материалдар енгізілген.

«Дәстүрлі мектеп курстарынан айырмашылығы оқушылар Елбасы кітапханасы қорындағы тәуелсіз Қазақстанның жас елордасының тарихы жөніндегі бірегей жәдігерлер және құжаттармен таныса алады», – деді курс авторы, Ғылыми-қолданбалы зерттеулер қызметінің жетекшісі Назира Мусина.

Шараларды ұйымдастырушыларға арналған алғыс хатында № 22 мектеп-гимназиясының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Айгүл Рахимова былай жазады: «Елордамыздың тарихы туралы жетік әрі терең әңгімеңізге шынайы алғысымызды білдіреміз. Оқушылар жаңа мәліметтерге қанық болып, білуге деген қызығушылықтары арта түсті. Әріптестігімізді одан әрі жалғастырамыз деген сенімдеміз және Елбасы кітапханасының ұжымына шығармашылық табыстар тілейміз».

Келесі жылы да осы курс аясында оқыту жалғасады.