Астананың үздік оқушылары мен студенттері «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингінен өтті

Сәуірдің 12 мен 15 аралығында Елбасының кітапханасында елорда жастарының арасынан Қазақ гуманитарлық-заң университеті мен Еуразия гуманитарлық институты студенттері «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренингтен өтті. Тыңдаушылардың ішінде «Жас Ұлан» әскери-мектебінің және «Мирас» Халықаралық мектебінің үздік оқушылар да болды.

0U3A5602

Семинар-тренинг: «100 нақты қадам» Ұлт жоспарынан дәріс алу, Кітапхананың инновациялық-білім беру кешеніндегі интерактивті тәжірибелік сабақтардан өту, ашық пікір-таласқа қатысу, экскурсия, танымал адамдармен кездесу сияқты дәстүрге айналған мазмұнды бағдарлама бойынша жүзеге асырылды.

Елордалық жоғарғы оқу орындары студенттеріне курстың аяқтағандығы туралы сертификаттарды тапсыру рәсіміне Астана қаласындағы "Вайнах" Шешен-ингуш этномәдени орталығының жетекшісі Салман Героев қатысты.

Рәсімнің құрметті қонағы семинар-тренингтің еліміз үшін маңызы зор Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында өткізілгенін айтып өтті.

0U3A5665

Оның пікірінше, Тәуелсіздіктің және Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың көреген саясатының арқасында, этномәдени орталықтарының дәстүрлерін сақтап, дамуын қолдап, Қазақстан халқының бірлік пен келісімде болуына мүмкіндік беретін Қазақстан Халқы Ассамблеясы бірегей институты құрылды.

Сонымен қатар, Салман Героев 1 наурыз Алғыс айту күні Елбасының қатысуымен Кітапханада ашылған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» — «Память во имя будущего» көрмесіне шара қатысушыларының назарын  аударды. Ол мәжбүрлі қоныс аудару, сталиндік қуғын-сүргін кезіндегі ауыр жылдар туралы әңгімелеп берді.

Қоғам қайраткері тоталитарлық режимнің қуғын-сүргін құрбандарына жанашырлық және мейірімділік көрсеткен қазақ халқына алғыс сезімін өмір бойы жеткізіп келеді. Героев Салман семинар қатысушыларына оқу мен еңбекте сәттілік тілей отырып, курсты аяқтағандықтарымен құттықтады.

0U3A5840

 

«Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренингіне қатысып, сәтті аяқтаған Астананың үздік оқушыларына мемлекет және қоғам қайраткері, саяси ғылымдар докторы, белгілі журналист Әбдіжәлел Бакір сертификаттар табыстады.

Құрметті қонақ жастарды құттықтау сөзінде  үштілділік еліміздің дамуы үшін маңызды екендігін айта келіп, мемлекеттік тілдің мәртебесін, оның қоғамдағы рөлі мен құндылығын ерекше атап өтті.

Ғалым:

- «Алаш-Орда» батыры – Мұстафа Шоқай 904 ғылыми еңбек жазған, бұл еңбектерді ол 10 тілде жазды және ол 10 тілде еркін сөйлеп, жаза алған. Мұстафа Шоқайдың қызметі туралы 8 тілде 1 405 еңбек жазылған. Қазіргі кезде сіздерде үлкен мүмкіндіктер бар. Үштілділікті өз ана тілдеріңнен бастаңдар. Сонан кейін оған басқа тілдерді де қоса үйреніңдер. Бүгінгі семинар-тренинг – бұл үлкен мектеп. Оны бағалап, сабақтарын жақсылап ой елегінен өткізіңдер, - деді.

Әбдіжәлел Бакір сондай-ақ, «Егер біз білімді, бай және тату болсақ - Тәуелсіздік негізі осы» деген өзіндік формуласымен бөлісті.

0U3A5882