2 шілдеде Мемлекеттік хатшы Қ.саудабаев Ақордада мемлекеттік органдардың бір топ басшыларына, ҚР Президенті Әкімшілігінің басшы қызметкерлеріне және қоғам қайраткерлеріне «Астананың 10 жылдығы» медалін тапсырды. «Астананың 10 жылдығы» медалі Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылы 6 мамырдағы Жарлығына сәйкес Қазақстан астанасының 10 жылдық мерейтойына байланысты бекітілді, бұл медальмен Қазақстан Республикасы мен оның астанасының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар марапатталады.
- Бүгінгі награда сіздердің қазіргі уақытқа дейінгі атқарған еңбектеріңіз үшін ғана емес, сонымен бірге болашақтағы қызметтеріңізден күтілетін үміт, мемлекетіміздің игілігіне қызмет етуде бұдан да жарқын табыстарға қол жеткізеді деген Елбасының сенімі деп ойлаймын,-деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.
Медальмен марапатталғандар: А.С. Сағынғали - Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің директоры; Р.Ұ. Қазбекова – Музей педагогикасы орталығының жетекшісі; З.И. Молдағаринова – Музей құндылықтарын есепке алу және сақтау қызметінің жетекшісі; Н.Қ. Мусина – Ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі; Л.Ә. Омарова – Экспозицияларды ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет көрсету қызметінің жетекші сарапшысы; Н.А. Шырымбаева - Экспозицияларды ұйымдастыру және экскурсиялық қызмет көрсету қызметінің жетекшісі.