Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі Райгүл Ахметжанованың «Бақыт құсы» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме Кітапхананың «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.
«Бүгінгі біздің қонағымыз - белгілі қазақстандық суретші Райгүл Ахметжанова. Бүгін көрермендердің назарына «Бақыт құсы» поэтикалық атауымен біріктірілген жұмыстар ұсынылды. Халық аңыздарынан және әндерінен шабыт алып, Райгүл Ахметжанова өзінің қайталанбас авторлық стилін қалыптастырды. Суретшінің ерекше туындылары қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің дәстүрлі көркемдік техникасы далада кеңінен өсіп келе жатқан жіңішке қамыс – шиді пайдалана отырып дамытады. Оларға түрлі-түсті жүнді орап, қазақ қолөнершілері кілемдер мен төсеніштер жасап, киіз үйді декоративті безендіруде де қолданған. Шебердің шығармашылық таланты мен философиялықтұрғыда ерекше ойлауының арқасында киізден және шиден жасалған дәстүрлі материалдар жаңа және өте заманауи көркем образдар мен идеяларды жасайды, онда көрермендердің әрқайсысы оған сәйкес келетін тақырыптар мен мотивтерді табады», - деп, көрме ашылу рәсімінде ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасының директоры Б.Темірболат пікір білдірді.
Өз кезегінде, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері А.Асқаров: «Әр суретші өзінің шығармашылық жолынан өтіп, шығармашылықта өзінің қайталанбас стилін тауып, сол кезде өнерде өз ізін қалдыра алады. Бүгінгі көрменің авторы осындай ерекше стильге ие, оның жұмысы ата-бабаларымыздың дәстүрлерін жалғастыруда».
Көрмеде 30 жұмыс орнатылды. Қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің техникасында суретші қырық жылдан астам уақыт жұмыс істейді және осы уақыт ішінде оның дүниетанымы мен шығармашылық бейімділігін көрсететін жарқын туындылар жасады.
Бүгінгі таңда Р. Ахметжанова өнерінде жаңа әдістерді қолдануда: өз жұмысында ағаш, керамика, киіз қолдана отырып, көлемді кеңістіктік формалар, композициялық элементтер жасайды.
«Бүгін көрменің ашылуына қатысуға келгендеріңіз үшін шын жүректен сіздергі алғыс айтамын. Сіздерге менің жұмысым ұнайды және сіз оларды бағалайсыз деп үміттенемін. Тұңғыш Президент кітапханасының басшылығына бүгінгі іс-шараны ұйымдастыруға көрсеткен мүмкіндігі мен көмегі үшін ерекше алғыс айтқым келеді», - деп атап өтті көрме авторы.
Р. Ахметжанованың шығармашылығы көптеген марапаттар мен атақтарға ие болды. Оның жұмыстары ҚР Орталық мемлекеттік музейінің қорларында, Қазақстанда, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Германияда, Швецияда, Пәкістанда, Францияда жеке жинақтарда сақтаулы.
Суретші 2006 жылдан бастап ҚР Суретшілер Одағының мүшесі. Қазақстан Суретшілер Одағының «Жоғары шығармашылық жетістіктері» үшін Ә. Қастеев атындағы медалімен марапатталған (2015 ж.).
Анықтама: Райгүл Ахметжанова 1955 жылы 18 ақпанда Алматы облысы Талғар ауданы Туғанбай ауылында дүниеге келген. 1980 жылы өнеркәсіптік графика мамандығы бойынша Строганов атындағы Мәскеу жоғары көркемсурет-өнеркәсіп училищесін бітірген. 1985 жылы графика мамандығы бойынша Мәскеу полиграфия институтын тәмамдаған. 1980-1989 жылдар аралығында Қазақстан Компартиясы ОК баспасының бас суретшісі, Ө. Таңсықбаев атындағы Алматы көркемсурет колледжінде арнайы пәндер оқытушысы болып жұмыс істеді. 1994 жылдан 1998 жылға дейін «Дәуір» баспасында суретші-дизайнер болды.
2006 жылдан бастап ҚР Суретшілер одағының мүшесі. 2015 жылы Қазақстан Суретшілер одағының Ә. Қастеев атындағы «Үздік шығармашылығы үшін» медалімен марапатталған.