АСТАНА КҮНІНЕ ОРАЙ КӨШПЕЛІ КИНОЛЕКЦИЯ ӨТТІ

ҚР Тұңғыш Президенті кітапханасыныңқызметкерлері ҚР Ұлттық ұланының № 6636 әскерибөлімінде алдағы Астана күніне арналған көшпелікинолекция өткізді.

«Бүгінде біздің елордамыз – бірегей қазақстандық брендтердің бірі. Қала Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың есімімен етене байланысты. Жаңа елорда еліміздің саяси және әкімшілік орталығы ғана емес, Қазақстан халқының күш-қуатына дем берген, жаңа реформалардың локомотивіне, елдің жаңаруының символына, жаңа тәуелсіз Қазақстанның жарқын бейнесіне айналды», – дедіМәдени-ағартушылық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Н.Мусина.

Деректі фильимдерден үзінділер көрсете отырып, жүргізілген дәрістің барысында әскери қызметшілерге қала тарихының негізгі кезеңдері жан-жақты және кеңінен көрсетілді. Сонымен қатар, дәріскер тыңдаушыларды елорданы көшірудің қазақстандық тәжірибесіне талдау жасап, республиканың бас қаласын құрудағы негізгі бастамалармен таныстырды.

«Астана-Тәуелсіз Қазақстанның символы» кинолекциясын Елбасы кітапханасына алғыс айтқым келеді. Еліміздің түрлі облыстарынан келген әскери қызметшілер үшін бұл өте танымды және қызықты болды. Нұр-Сұлтан қаласы – барша қазақстандықтар үшін жай ғана елорда емес, бұл тәуелсіздіктің символдарының бірі және аса маңызды ұлттық жоба. Елорданы көшіру біздің мемлекетіміздің тарихындағы жаңа жаһандық дәуірдің бастамасы болды», – деді Әскери бөлімнің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық бөлімі бастығының аға көмекшісі, капитан А.Мұхамедрахимова.