26 сәуір күні Елбасы кітапханасына Астана халықаралық клубының делегациясы келді. Делегация құрамында Индонезия, Ұлыбритания, Грекия, Малайзия, Франция және Австралия клубының мүшелері бар.

Құрметті қонақтар Елбасы кітапханасында 1 мамыр – Алғыс айту күнінде Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен өткен «Тарих тағылым – өткенге тағзым» - «Память во имя будущего» атты көрмесімен танысты.
«Елбасы кітапханасы үлкен әсер қалдырды. Қазақстан Республикасының Президенті мен мемлекет туралы көптеген қызықты ақпарат алдым. Кітапхана өте заманауи, мұнда басқа мұражайлар мен кітапханаларда көрмеген жәдігерлерді көрдім. Тұңғыш Президенттің Кітапханасына неғұрлым көбірек қазақстандықтардың келгенін тілеймін. Қазақстан ең үздік мемлекет болады деп үміттенемін, өйткені сіздердің Президенттеріңіз өте үлкен жұмыс атқарды», - деді Индонезиялық Азиза Боуханич (Azisa BOUHANICH).

Сол сияқты Ұлыбританиялық Лина Силус ( Lina Selous): «Бұл менің Елбасы кітапханасына алғаш келуім. Жәдігерлер өте көп. Мұнда «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренингінен өте көп ақпараттар алып, білім деңгейлерін көтеріп жүрген студенттер көп екен. Қазақстан мемлекеті мен сіздердің Президенттеріңізге игілік пен сәттіліктер тілеймін» - деп, өз ойын білдірді.