«Астана – Қазақстан бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны» экспозициясы ашылды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейі ғимаратында бас қаланың Алматыдан Астанаға көшірілуінің 20 жылдығына арналған «Астана – Қазақстан бірлігі мен тәуелсіздігінің нышаны» жаңа экспозиция ашылды.

ASN_8112

Бас қаламыз жайлы сыр шертетін аса құнды жәдігерлер мен мұрағат құжаттарының «Алтын» залында орналасуы тегін емес. Онда 1998 жылы Астана құрылысының эскиз-идеясына жарияланған ашық халықаралық конкурстың жеңімпазы Кисё Курокава өзінің жобасын таныстырды. Сонымен қатар дәл осы залда қала құрылысының бас жоспары қабылданған.

Көрмемен толығырақ танысуға болады.