Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Андрей Фурсенко Нұр-Сұлтан қаласына сапары аясында Елбасы кітапханасына келді. Мәртебелі мейманға музей экспозициялары мен кітапхананың, сондай-ақ, заманауи интерактивті білім беру технологияларының мүмкіндігі таныстырылды. Танымдық экскурсиядан соң Фурсенко мырза Елбасы кітапханасына сұхбат берді.

-Қазақстанға сапарыңыздың мақсаты не?

-Сапарымның мақсаты - Қазақстандағы достарымызбен бірге маған ең жақын білім және ғылым саласы үшін жоспарланған жұмыстарды бірлесіп ақылдасу және атқару. Білім беру саласынсыз ешбір мемлекеттің болашағы жоқ екенін білесіз. Қазақстан дәл сол Ресей сияқты мұны айқын түсінеді және бұл мәселеге өте байсалды қарайды.
-Қаламыздан қандай әсер алдыңыз?
-Бұл қаланың жаңа тәуелсіз Қазақстан тұсындағы құрылысы Президентпен байланысты болғаны анық. Осы тұрғыдан алғанда қаланың Нұр-Сұлтан деп атауының өзгеруі өте қисынды санаймын. Қазір ол тек заңдық тұрғыда бекіп отыр. Меніңше, бұл қаланың тарихы қай кезде де жаңа астанамен және жаңа Қазақстанмен байланысты болады.
-Кітапханамызға сапарлаудан қандай әсер алдыңыз?

-Кітапхана - жанды экспозиция десе болады. Пайымдауымша, ол мұнда келушінің жан сарайын байытып, рухын асқақта алатын күшке ие. Бұл орайда оның маңызын мен жаңа Қазақстан тарихын түсіну тұрғысынан ғана емес, осы елдің дамуына орасан зор еңбек сіңірген тұңғыш Президент тұлғасын тану тұрғысынан да көремін. Меніңше, кітапхана Қазақстанның өткен тарихын бейнелеу арқылы келешегінің мүмкіндіктерін толық ашқан.
-Сұхбатыңызға рақмет.
