А.Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевты «Халықтар достығы» орденімен марапаттады

www.kazinform.kz

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко Беларусь пен Қазақстан арасындағы достық қарым-қатынастардың және стратегиялық ынтымақтастықтың дамуына қосқан қомақты үлесі үшін

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты "Халықтар достығы" орденімен марапаттады.

Бұл туралы Беларусь Президентінің ресми порталында хабарланған.

Сәйкес Жарлыққа А.Лукашенко бүгін 19 маусым күні қол қойды.