
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2014 жылдың 25 тамызында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Музейінің 10 жылдығына арналған «Қазіргі қоғамдағы Музей. Жаңа даму жолдарын іздестіру» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.
Конференция барысында мынадай бағыттар бойынша секциялар жұмысы қарастырылады:
• Музейлер, кітапханалар, мұрағаттар - мәдени мұраны сақтау институттары.
• Музей және ғылым: Серіктестік. Тәжірибе. Перспективалар.
• Өскелең ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырудағы музейлердің рөлі.
Конференцияның мақсаты:
• Қазіргі кездегі музейлердің дамуымен, олардың ғылыми және білім беру әлеуетімен байланысты өзекті мәселелерді талқылау.
• Мәдениет, ғылым, өнер және білім беру салалары бойынша кәсіби оңтайлылықты дамыту, заманауи технологиялар саласындағы отандық және шетелдік мамандар арасында тәжірибе алмасу.
• Тарихи-мәдени құндылықтарға жастар аудиториясының назарын аудару үшін музей қызметінің заманауи интерактивті түрлерін дамыту.
Конференция бағдарламасы мыналарды қарастырады:
1. Теориялық бөлім (баяндамалар жасау);
2. Тәжірибелік бөлім (қатысушыларға сертификаттар бере отырып,
шеберлік сыныптарын өткізу);
3. Музейдің 10 жылдығына арналған көрменің ашылуы.
Конференцияның жұмыс тілі – қазақ, орыс, ағылшын.
Басқа қалалардан келетін конференцияға қатысушылардың шығындары жіберуші тарап есебінен жүзеге асырылады.
Конференцияның материалдар жинағын басып шығару жоспарланып отыр.
Конференция жұмысына қатысу үшін ұйымдастыру комитетінің мекенжайына 2014 жылдың 1 мамырына дейін мынадай материалдарды жіберу қажет:
1. Конференция жұмысына қатысуға өтініш (1-нысан қоса беріледі).
2. Электронды пошта арқылы немесе электронды тасымалдағыштардағы баяндама мәтіндері (2-нысан қоса беріледі).
3. Мәтін сақталған файл атауы қазақ, орыс немесе ағылшын тілдеріндегі бірінші автордың тегіне сәйкес болуы керек. Сауалнама сол атаумен жеке файлда болу керек, төменгі сызықтан соң сауалнама / anketa деп көрсету керек.
4. Тиісті бағыттар бойынша ғылыми және қолданбалы мәні бар және бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған өзіндік жұмыстар қабылданады.
5. Мәтінге қойылатын көрсетілген талаптарды сақтауды сұраймыз. Электронды нұсқадағы баяндама мәтінін ресімдеуге қатысты талаптар сақталмаған жағдайда Ұйымдастыру комитеті баяндаманы жариялаудан бас тарту құқығына ие.
6. Көлемі – Microsoft Word мәтіндік редакторында 6 бетке дейін.
7. Қаріп: түрі – Times New Roman, кегль – 12, жоларалық интервалы – жалаң; абзац – 1,25 см, абзац автоматты түрде қойылады.
8. Азат жол: жоғарғы және төменгі – 20 мм, сол жағы – 30 мм, оң жағы – 15 мм.
9. Баяндама атауы – жартылай қою қаріппен, бас әріптермен жол ортасында.
10. Төменірек оң жиек бойынша бір азат жолдан соң: автордың аты-жөні – курсивпен, жартылай қою қаріппен (кез келген автор үшін – алдымен тегі, аралық, одан соң аралық қалдыру арқылы аты-жөні жазылады). Келесі жолда симметриялық түрде оң жиектен курсивпен – қызметін көрсету (лауазымы), мекеме атауы, ғылыми дәрежесі; Келесі жолда симметриялық түрде – мемлекет пен қаланы көрсету қажет.
11. Мәтіндегі сілтемелер тізімдегі дереккөздердің реттік нөмірі және үтір арқылы парақ нөмірі көрсетілген тік бұрышты жақшалармен белгіленеді, мысалы, [4, с. 89].
12. Дәйексөздер алынған әдебиеттер тізімі міндетті түрде болуы керек. Тізім мәтін соңында жазылады және бос жол арқылы бөлінеді. Тізімдегі дереккөздер дәйексөздердің мәтінде қолданылуына қарай көрсетіледі. Ресімдеу үлгісі:
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1..Назарбаев Н. А. В сердце Евразии. – Алматы: Атамура, 2005. – С. 26.
2. Нарожная В. Д. Невербальная коммуникация как этнокультурный феномен: дис. … доктора филол. наук. – Шымкент, 2010. – С. 32.
3. Кадыров Б. Вдохновляющий пример ТЮРКСОЙ // Казахстанская правда. – 2011. – 21 сентября. – С. 1–2.
4. Обращение Президента Н. А. Назарбаева по случаю вступления Республики Казахстан на пост председателя ОБСЕ / [Электронный ресурс] // Режим доступа: http://kazembassy.ru.
5. Внешнеполитические инициативы Президента Республики Казахстан Н. А. Назарбаева. Историко-документальное исследование / Нурымбетова Г., Кудайбергенов Р. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2010.
13. Сұлбалар, фотолар, суреттер, сканерленген кескіндемелер және т.с.с. – JPG форматында жеке файл түрінде, диаграммалар, графикалар – Excel бағдарламасында берілуі қажет. Файлдардың атауы суреттердің, сұлбалардың, диаграммалардың және т.с.с. баяндама мәтініндерінің атауларына сәйкес болуы керек. Суреттердің атауы мен нөмірі суреттердің төменгі жағында, кестелердің атауы мен нөмірі кестелердің жоғарғы жағында (туралау – жол ортасында) көрсетіледі, Кестелер, сұлбалар, суреттер, формулалар, графикалар көрсетілген жолдан асып кетпеу керек (кестелер мен суреттердегі қаріп – 12 төмен емес).
14. Тырнақшалар «» белгісімен белгіленеді; көрсетілген даталардағы ғасырлар – рим цифрымен, жыл – араб цифрымен жазылады.
15. Қысқарған сөздер баяндама мәтінінің соңында әліпби тәртібімен аббревиатуралардың мағынасын ашып жазу арқылы көрсетіледі.
16. Парақты нөмірлеу: ереже – парақтың төменгі жағында, мәтінді туралау – оң жақтан.
17. Әдебиет сілтемелер түрінде көрсетіледі, абзацты аралық арқылы жазуға болмайды.
18. Қолмен тасымал жасауға болмайды (manual hyphenation).
Секцияда баяндама бойынша сөз сөйлейтіндер MS PowerPoint бағдарламасында жасалған сөйленетін сөздің компьютерлік таныстырылымын көрсетуге тиіс. Барлық техникалық мәселелер бойынша ұйымдастыру комитетіне немесе техникалық топқа алдын ала хабарласу керек. Конференцияға қатысушылардың таныстырылым файлдарын ақпарат тасымалдаушыларынан көшіру секция жұмысы басталғанға дейін 30 минут бұрын ДӘЛ УАҚЫТЫНДА аяқталатын болады. Ұйымдастыру комитеті қате бейнелері бар стандартты емес қаріптер немесе көрсету барысында қиындық тудыратын (іркіліс, компьютердің тоқтап қалуы, бағдарламаның аяқ астынан жабылып қалуы) материалдарды көрсетуден бас тарту құқығына ие.
Тілек білдірушілер стендтік (постерлік) баяндамаларды көрсете алады.
Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына немесе қойылған талаптарға сәйкес келмейтін материалдарды қабылдамау құқығына ие.
Өтінімдер мен материалдар мына мекенжай бойынша жіберіледі:
010000, Астана қ., Бейбітшілік көшесі, 11
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Музейі
Конференцияның үйлестірушілері:
Ғылыми-зерттеу орталығы
Тел.: (7172) 75-13-07, 75-12-15, 75-13-99
Факс: (7172) 75-12-15
E-mail: mpnaukacentre@mail.ru
Қатысуға шақырамыз!
