«АБАЙ ОҚУЛАРЫ» VI ӘДЕБИ ЭСТАФЕТАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН САЛТАНАТТЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТТІ

Тұңғыш Президент кітапханасы жыл сайын әлеуметтік желілерде қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және қазақ классикалық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған байқау өткізеді. Жобаның мақсаты – Абайдың әдеби мұрасын насихаттау, қазақстандық жастарда оқу мәдениеті мен әдеби талғамын қалыптастыру.

Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова ашты:

«Бүгінгі іс-шараның ұлы ақынды әлемге танытқан қазақтың ғұлама жазушысы Мұхтар Әуезовтың 125 жылдығына және дүниежүзілік әдебиет тізіміне кіретін «Абай жолы» романының жарыққа шыққанына 80 жыл толуы сынды айтулы оқиғалармен тұспа-тұс келуінің символдық мәні зор. Абай да, Мұхтар да, «Абай жолы» романы да әрқайсысы өз алдына жеке-дара тарихи оқиға, телегей теңіз қазына. Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев Абайды әлемдік ауқымдағы данышпан деп атай отырып, «Абайдың рухына тағзым ету – оның қағидатын ұстану, аманатына адал болу» және бұл «жас ұрпақтың санасына қастерлі құндылықтарды» сіңіруге көмектеседі деген болатын».

Марапаттау рәсіміне Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Жандос Әубәкір және Қ. Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының актері, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұркен Өтеулов қатысты. Абай Құнанбайұлы атындағы №87 мектеп-гимназиясының оқушылары шығармашылық өнерлерін көрсетті.

2022 жылғы әдеби эстафетаға қатысқан 154 қатысушының ішінен үздік деп танылды:

Ерғали Беколжас – 1 орын;

Төлеухан Айнұр, Баймұхамбетова Әйгерім, Сағитхан Диана – 2 орын;

Ерғалиқызы Ернұр, Жеткергенов Мағжан, Қаражанұлы Нұрғали, Қаражанұлы Алдияр – 3 орын.

Арнайы номинациялармен марапатталғандар қатарында:

Бекен Айзере – «Ең кішкентай іздемпаз»;

Бейсенбай Зәмзәм – «Көрермен көзайымы»;

Болатжан Інжуна – «Шығармашылық ізденісі үшін»;

Белоусько Валерия, Фоменко Александра – «Ең белсенді қатысушы»;

Қанай Нұрдәулет – «Әртістік қабілеті үшін»;

Жарылғапова Жасмин, Жарылғапов Осман – «Ұлттық құндылықты насихаттаған отбасының балалары».

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.