Абай Байгенжин: «Менің Отаным – менің мақтанышым»

20 сәуір күні «Әлемді өзгертетін идеялар» семинар-тренинг курсынан өту туралы сертификаттар табысталды.

«Астана медицина университі» АҚ және С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің студенттеріне сертификат беру шарасына медицина ғылымдарының докторы, «Ұлттық ғылыми медицина орталығы» РММ директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық кеңесінің, Еуропа жаратылыстану ғылымдары Академиясының мүшесі, Орта Азия пульмонологтар Қауымдастығының Президенті, Еуро-Азиялық Респираторлық Қоғамының атқарушы директоры Абай Байгенжин қатысты.  

0U3A5946

Белгілі ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Алма-Ата Мемлекеттік медицина институтын (1970 ж.) және Женевадағы ДДСҰ денсаулық сақтау ұйымдастырушыларының Халықаралық курсын тәмамдап (Швейцария, 1981 ж.) «Халықаралық денсаулық сақтау шебері» атағын алған. А.Қ. Байгенжиннің жетекшілігімен Алматы қаласында (1985 ж.) Өңірлік диагностика орталығы және Республикалық клиникалық аурухана (1999 ж.) тұрғызылып, пайдалануға берілді.  

Сертификат табыстау барысында сөз алған Абай Байгенжин Елбасы кітапханасына деген ерекше ықыласымен бөлісті: «Мен Тұңғыш Президент кітапханасының оқырманымын. Осында келген сайын толғаныста боламын, өйткені бұл ерекше орын. Бұл жерде ерекше аура пайда болып, сақталып келеді», - деді.

0U3A6062

Ғалым жас көшбасшыларға өзінің өмірлік және еңбек жолы, елде және өзге елдердегі оқуы туралы баяндап берді, өзінің өмірлік ұстанымдарымен бөлісті, туған еліне деген көзқарасын білдірді: «Мен үшін ең үлкен мақтан тұтатын дүние ол – менің Отаным. Мен үшін Қазақстан азаматы болу үлкен құрмет. Бүгінде Қазақстан ірі қоғамдық форумдарда, шараларда өзін  толерантты, ядролық қарудан бас тартқан бейбіт мемлекет ретінде көрсетеді».

Құрметті қонақ студенттердің көптеген сауалдарына жауап берді. Жастармен өзінің кәсіби жетістіктері, денсаулықты сақтау және ұзақ өмір сүру сырымен бөлісті, семинар-тренингтің қажеттілігіне де тоқталды. «Сіздерді ерекше мүмкіндікке үйретті – сіздер өздеріңіздың болашығыңыз туралы ойланып, өзіңіздің өмірлік, еңбек жолдарыңызды өздеріңіз таңдай аласыздар», - деді Абай Байгенжин курс тыңдаушыларына.    

0U3A6074