8 наурыз – халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймыз!

Шұғылалы және шуағын шашқан көктемнің жарқын мерекесінде адамзат тіршілігінің алтын арқауына айналған нәзік жандарға ыстық ілтипатымызды білдіріп, құрмет пен қошеметке бөлейміз.
Бүгінде еліміздің әйелдер қауымы отбасының берекесін сақтаумен қатар еңселі Қазақстанның гүлденуіне де еселі үлес қосуда. Нәзік жандар өмірлік маңызды салаларда тынымсыз және абыройлы тер төгіп, мейірімділік пен сұлулықтың, қамқорлық пен жанашырлықтың нышанына айналып отыр. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандық әйелдер қауымы еліміздің «ұлттық байлығы» екендігін ерекше атап өтті.
Қазақстандық аруларға мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақ-береке, ырыс пен ынтымақ тілейміз!