Жаңалықтар мұрағаты 2023

АСТАНАДА СУРЕТШІ РАЙГҮЛ АХМЕТЖАНОВАНЫҢ ЖЕКЕ КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУ РӘСІМІ ӨТТІ

01 ақпан 2023

Бүгін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі Райгүл Ахметжанованың «Бақыт құсы» атты жеке көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме Кітапхананың «Тәуелсіздіктің мәдени негізі» жобасын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

ЕЛОРДАДАҒЫ № 73 ФИЗИКА-ТЕХНИКАЛЫҚ ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУШЫЛАРЫНА «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ САЙЛАУ ЖҮЙЕСІ» ДӘРІСІ ӨТКІЗІЛДІ

01 ақпан 2023

Тұңғыш Президент кітапханасында Астана қаласының № 73 физика-техникалық лицейінің тоғызыншы сынып оқушыларына «Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі» дәрісі өткізілді. Танымдық іс-шара ҚР алғашқы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына арналған.

Кітапхананың Мәдени-ағартушылық жобалар қызметінің жетекші ғылыми қызметкері Әсия Оспанова мемлекетіміздің тәуелсіздік тарихына қысқаша тоқталып, оның Ата заңының даму кезеңдерін кеңінен тарқатты. 

ПРЕЗИДЕНТТІК КІТАПХАНАЛАР МЕН ҚОРЛАР ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСТІ (2023 ЖЫЛ, ҚАҢТАР)

30 қаңтар 2023

Эйзенхауэр президенттік кітапханасы мен мұражайында «Сандармен» көрмесі ашылды

2023 жылдың 17 қаңтарында Эйзенхауэр президенттік кітапханасы мен мұражайында арнайы экспонаттар галереясында жаңа көрме ашылды. «Сандармен» Эйзенхауэр кітапханасының жеке коллекциясынан алынған картиналарды көрсетеді.

КІТАПХАНАДА «ҰЛТТЫҚ ҰЛАН – МЕМЛЕКЕТІМІЗДІҢ СЕНІМДІ ТІРЕГІ» ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

27 қаңтар 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Тәуелсіздік тарихына замандастар көзқарасы» іс-шаралар аясында «Ұлттық ұлан – мемлекетіміздің сенімді тірегі» тақырыбында кезекті кездесу өтті.

Б.ТЕМІРБОЛАТ: ЖАҢА ҚАЗАҚСТАН СТРАТЕГИЯСЫНЫҢ ӨЗЕГІ – ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫН ШЕШУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ

27 қаңтар 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасында «Жаңа Қазақстан: экономикалық даму стратегиясы» халықаралық конференциясы өтті.

Конференцияның мақсаты – Жаңа Қазақстанды құру контекстінде тұрақты экономикалық дамудың кең ауқымдағы өзекті мәселелерін сараптамалық талқылау. 

Іс-шараға қазақстандық және шетел белгілі сарапшылар қатысты.

«НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» ОЙЫНДАРДЫҢ ЖАҢА СЕРИЯСЫ БАСТАЛДЫ

25 қаңтар 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президент кітапханасында «Не? Қайда? Қашан?» интеллектуалдық турнирдің 2023 жылдағы алғашқы іріктеу ойыны өтті. 

Жоба Астана мектептерінің 10-11 сынып оқушыларына арналған. Қазақстан тарихын білуге арналған сайыстың мақсаты – оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін, ой ұшқырлығы мен қырағылығын дамытып, сөздік қорын байыту.

КІТАПХАНАДА «ЖАС МҰРАҒАТ ЗЕРТТЕУШІСІ КУРСЫ» ЦИКЛІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҒЫ ӨТТІ

20 қаңтар 2023

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Құжаттаманы басқару тәртібі мен архив құжаттарының сақталуын қамтамасыз ету» тақырыбы бойынша Кітапхана базасында теориялық және практикалық сабақтар циклнан кезекті семинар сабағы өтті. 

Іс-шараға Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті тарих факультетінің 1 курс студенттері қатысты.

Студенттер құжаттаманы басқару тәртібі мен архив құжаттарының сақталуын қамтамасыз ететін шарттармен танысты.

«ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ҰСТАЗЫ» АТТЫ ӘДЕБИ САҒАТ

18 қаңтар 2023

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасында қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған «Ұлттың ұлы ұстазы» атты әдеби сағат өтті. 

Әдеби кешке Астана қаласының Ф. Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназиясының 8 сынып оқушылары және қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері қатысты.

Іс-шара аясында  Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен қызметі туралы презентациясы ұсынылып, ұлы ғалымның шығармашылығына арналған арнайы кітап көрмесі ұйымдастырылды.

ПРЕЗИДЕНТТІҢ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ ІСКЕ АСУДА

16 қаңтар 2023

Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрқайсымыз үшін. Қазір және әрдайым» Сайлауалды бағдарламасында әділетті мемлекет – әділетті экономика – әділетті қоғам сынды үш қағидатқа негізделген жаңа мемлекеттік саясатқа көшу жарияланды. 

Әділетті қоғам қағидасы дамыған әлеуметтік инфрақұрылым мен адам әлеуетін іске асырудың мол мүмкіндіктерін құруды көздейді.

БІЛІМ – ӨРКЕНДЕУДІҢ НЕГІЗІ

16 қаңтар 2023

Өткен жылдың соңында еліміз үшін аса маңызды оқиға – 20 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті лауазымына кезектен тыс сайлау өтті. Онда Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 81,31% дауыс жинап, жеңіске жетті. Бұл қазақстандықтардың Жаңа Әділетті Қазақстанды құру жолында ел өмірінің барлық саласын жаһандық реформалауды жүзеге асыруға сенімі мен дайындығының айқын көрсеткіші болды.