Жаңалықтар мұрағаты 2021

ИНГУШЕТИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР МИНИСТРЛІГІНІҢ ӨКІЛІ М.БАРАХОЕВА ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА КЕЛДІ

27 қазан 2021

Бүгін Елбасы кітапханасына Ингушетия Республикасының Сыртқы байланыстар, ұлттық саясат, баспасөз және ақпарат министрлігінің бөлім басшысы, Ресей композиторлар одағының мүшесі, ән жазушы, Ресей халықтары ассамблеясы және Еуразия халықтары ассамблеясы кеңесінің мүшесі, «Ингушетия халықтарының ассамблеясы» аймақтық қоғамдық ұйымының төрайымы, Ингушетия Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Мадина Барахоева келді. Қонақты Нұр-Сұлтандағы «Вайнах» шешен-ингуш этномәдени орталығының жетекшісі Башир Солсонов алып жүрді.

БАС ҚАЛАНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ТАҚЫРЫПТЫҚ КВЕСТ-ЭКСКУРСИЯЛАР ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР

26 қазан 2021

Бүгін №54 мектеп-лицей мен №86 мектеп-гимназияның 6-7 сынып оқушылары Елбасы кітапханасының оң жағалаудағы музейінде өткен «Тәуелсіздік табыстары» квест-экскурсиясына қатысты.

Елбасы кітапханасы Экскурсия жұмысы қызметкерлерінің айтуынша, мұндай ерекше форматтағы экскурсияның негізгі мақсаты – жас буынның бойында патриоттық рух пен азаматтықты қалыптастыру, ел тәуелсіздігінің құндылығы мен жетістіктерін түсіндіру.

ҚАСЫМ АМАНЖОЛОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 110 ЖЫЛ ТОЛДЫ

26 қазан 2021

Биыл қазақтың хас ақыны Қасым Аманжоловтың туғанына 110 жыл толып отыр. Ол 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген. Әке-шешеден жастай жетім қалып, біраз жыл ағасының қолында өседі. Ес білген соң туған ауылында жаңадан ашылған ауыл мектебінде оқып, сауатын ашады. 1924 жылы Семей қаласындағы интернатта білімін жалғастырады. Қасым онда 1927 жылға дейін тәрбиеленіп, одан әрі үш жыл Семей мал дәрігерлік техникумында оқиды. Алғашқы өлеңдерін де осы кезде жаза бастаған.

МӘҢГІЛІК ЕЛ АЛЫПТАРЫ. АБЫЛАЙ ХАННЫҢ 310 ЖЫЛДЫҒЫ

25 қазан 2021

«Абылай ханның ұлағатты өмір тарихын ұлтқа, ұрпаққа кеңінен өнеге ету керек», - деп Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев «Абылай аңсаған азаттық» мақаласында жазады. Биыл қазақ халқының көрнекті саяси

ҚАРАҒАНДЫ МЕН ПАВЛОДАР ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ОҚУШЫЛАРЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ВЕБИНАРЫНА ҚАТЫСТЫ

21 қазан 2021

Елбасы кітапханасы «Болашаққа жол өзіңнен басталады» вебинарларының жаңа маусымын жалғастырады. Екі күн бойы Қарағанды ​​мен Павлодар қалаларының мектеп оқушылары мекеме қызметкерлерінің дәрісін тыңдады.

Жастар жаңа білім алып қана қоймай, шешендік шеберліктерін, көшбасшылық қасиеттерін көрсетіп, арнайы тренингтер кезінде әзірленген жобаларды ұсынды.

ПАТРИОТИЗМ САБАҒЫ

20 қазан 2021

19 қазанда Елбасы кітапханасында астанамыздағы №71 және №75 мектептердің 6-сынып оқушыларына «Патриотизм – тарихи діл ерекшелігі» дәрісі өткізілді.

Мемлекет тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған мектептен тыс сабақта балалар қазақ хандары мен батырларының, Ұлы Отан соғысы қаһармандарының өмірбаянына сүйеніп, шежіреміздегі маңызды оқиғалар арқылы Қазақстанның жауынгерлік тарихымен танысты.

СЕНАТОРЛАР EЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА

19 қазан 2021

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының өкілдері Елбасы кітапханасымен танысты.

Сенаторлар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы музейінің залдарын аралады. Олар Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолы мен саяси қызметінен, тәуелсіз Қазақстанның құрылу тарихынан сыр шертетін экспозицияларды тамашалады.

 Делегация мүшелері көпшілік назарына ұсылған материалдардың мазмұнын жоғары бағалап, ақпаратты ұсынудың заманға сай интерактивтілігін атап өтті.

ЕЛОРДАЛЫҚ ОҚУШЫЛАР EЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ЭКСКУРСИЯСЫНА ҚАТЫСТЫ

19 қазан 2021

Бүгін Елбасы кітапханасының оң жағалаудағы музейінде елордадағы № 51,86,67 мектеп-гимназиясының оқушыларына квест-экскурсия өткізілді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында ұйымдастырылған квест-экскурсияның мақсаты – жас ұрпақтың білім көкжиегін кеңейту әрі бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

«МЕНІҢ ЕЛІМНІҢ МӘДЕНИ МҰРАСЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

15 қазан 2021

Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Қазақстан мен Индонезияның балалар мен жасөспірімдер арасындағы «Менің елімнің мәдени мұрасы» атты  халықаралық байқауының қорытындысы бойынша көрменің ашылуы өтті.