Жаңалықтар мұрағаты 2021

ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТА КҮНІНЕ ОРАЙ СТУДЕНТТЕРГЕ ДӘРІС ӨТКІЗІЛДІ

12 қараша 2021

Бүгін Елбасы кітапханасында Көпсалалы колледж студенттері мен Нұр-Сұлтан қаласының №№13,10 мектептерінің 7-8 сынып оқушыларына «Теңге – тәуелсіздігіміздің нышаны» дәрісі өтті. Тыңдаушылар Қазақстан аумағындағы ақша айналымының тарихымен, ұлттық валюта – теңгені шығару және енгізу кезеңдерімен танысты.

ЖАСТАРДЫ ОҚЫТУ ДӘСТҮРІ ЖАЛҒАСЫП КЕЛЕДІ

11 қараша 2021

Ағымдағы жылдың 27 қазаны мен 11 қарашасы аралығында Қазақстанның бірқатар жоғары оқу орындарының студенттері игі дәстүрге айналған «Болашаққа жол өзіңнен басталады» атты екі күндік семинар-тренингке қатысты. Қарағанды ​​индустриалды университеті, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті, сондай-ақ М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан университеті студенттері Елбасы кітапханасының дәрістерін алды.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ АШЫҚ ЕСІК КҮНІН ӨТКІЗДІ

09 қараша 2021

Бүгін Елбасы кітапханасының Әлеуметтік-гуманитарлық және білім беру жобалары қызметінің мамандары «Астана» халықаралық университеті педагогикалық колледжінің студенттеріне ашық есік күнін өткізді. 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Ботагөз Қайыпова қатысушыларды іс-шараның бағдарламасымен таныстырды.

«ТҮРКІ ӘЛЕМІ: ТАРИХ, ҚАЗІРГІ ЗАМАН, БОЛАШАҚ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

06 қараша 2021

5 қарашада Анкарада Түркия Президенті Әкімшілігі жанындағы Ұлттық кітапханада Қазақстан мен Түркияның көрнекті саяси және қоғам қайраткерлерінің қатысуымен «Түркі әлемі: тарих, қазіргі заман, болашақ» халықаралық конференциясы өтті.

АНКАРАДА «ҚАЗАҚСТАН ЖОЛЫ. ТҮРКІ БІРЛІГІ» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

05 қараша 2021

5 қарашада Түркия Президенті Әкімшілігі жанындағы Ұлттық кітапханада «Қазақстан жолы. Түркі бірлігі» көрмесінің салтанатты ашылуы өтті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған халықаралық көрме жобасын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі және Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы Елшілігімен бірлесе ұйымдастырды.

ҚАЗАТУ СТУДЕНТТЕРІ ОНЛАЙН ДӘРІС ТЫҢДАДЫ

04 қараша 2021

Елбасы кітапханасының қызметкерлері С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультеті мен орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі және қоршаған орта факультетінің бірінші курс студенттеріне онлайн дәріс өткізді. «Елорда – тәуелсіз Қазақстанның символы» дәрісі барысында Елбасы кітапханасы қорындағы архив құжаттары мен фотоматериалдар пайдаланылды.

ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ МЕН ҚОРЛАРЫ ТУРАЛЫ ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫНЫҢ ДАЙДЖЕСІ (ҚАЗАН, 2021)

03 қараша 2021

Герберт Гувердің президенттік кітапханасы мен музейі қайта ашылды

Герберт Гувердің президенттік кітапхана-музейі 2021 жылдың 19 қазанынан бастап тұрақты галереялары мен «Леонардо да Винчидің машиналары» уақытша көрмесін ашады.

Зерттеу залы, сыйлықтары дүкені, қоғамдық және білім беру бағдарламалары әзірге жабық.

https://hoover.archives.gov/news-and-events

«АҚИҚАТ» КЛУБЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ПІКІРСАЙЫСЫ ӨТТІ

01 қараша 2021

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы жанындағы «Ақиқат» клубының кезекті пікірсайыс турниріне елордалық колледж студенттері қатысты. Олар 55 команданы қамтыды.

Талқылауға арналған тақырыптар қазіргі қазақстандық қоғамды толғандыратын өзекті мәселелерге негізделді. Олардың қатарында Қазақстандағы үштілділік, инклюзивті білім беру, баланың мамандығын таңдаудағы ата-ананың рөлі, тегін тәжірибе алу, т.б. бар.

ӨЗБЕКСТАН КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ДЕЛЕГАЦИЯСЫ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА

29 қазан 2021

Бүгін Өзбекстан кәсіподақтар федерациясының делегациясы қазақстандық әріптестерімен бірге Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында келді.

Федерация төрағасы Кудратулла Рафиков бастаған шетелдік меймандардың тобы  музей экспозициялрын аралап, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың еңбек жолы арқылы тәуелсіз Қазақстанның тарихымен танысты.

Келушілер музейдің техникалық жабдықтарын жоғары бағалап, ақпаратты ұсынудың заманауи әдістерін мақтады.