Бүгін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының алғашқы құрылысына атсалысқан азаматтармен кездесу өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен еліміздің маңызды күніне арналды. 1997 жылдың 10 желтоқсанында Ақмола қаласы, қазіргі Нұр-Сұлтан, Қазақстанның бас қаласы болып жарияланған.