Жаңалықтар мұрағаты 2021

22.07.2021 | Қызылорда облысының жас тұрғындарына экскурсия жүргізілді

Бүгін Елбасы кітапханасының музейіне экскурсияға Қызылорда облысынан балалар келді. Жалағаш ауданының 4-9 сынып оқушыларынан құралған 29 жасөспірім елордаға екі күндік экскурсиялық бағдарламамен келді. ТұңғышПрезидент кітапханасын аралау – басты бағыттың бірі болған.  

21.07.2021 | БІЗ БАРШАҢЫЗДЫ ЭКСКУРСИЯДА КҮТЕМІЗ!

Ә.Бөкейхан көшесі, 1А (сол жағалау) және Бейбітшілік көшесі 11 мекенжайлары бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музей ғимараттарына келушілерді қабылдау және экскурсиялық турлардың жалғасатынын қонақтарымызға қуана хабарлаймыз. Музей күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, белгіленген режимде жұмыс істейді. Экспозицияға кіру уақыты – 17.15-ке дейін. Демалыс күні – дүйсенбі.

19.07.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ V «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАСТАЛДЫ

Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, қазақ классикалық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абай оқулары» жыл сайынғы әдебиет байқауын жариялайды. «Абай оқулары» жобасының мақсаттары:

19.07.2021 | «ҰЛЫ ДАЛА ТАРЛАНДАРЫ» ЖОБАСЫ. БАТЫР АМАНТАЙ БАЙЖАНОВ

Осы жылдың ақпан айында әлеуметтік желілерде көпшілікті тәнті еткен бейнеролик тарады. Бұл кадрларда қостанайлық полиция қызметкері тасжолдағы көлік жүргізушілерін қар құрсауынан құтқарып, қалаға апарар жолды көрсеткен болатын. Тәртіп сақшысының батырлық әрекеті көрініс тапқан бейне ондаған оң пікірлер жинады.

16.07.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА – МЕТАЛЛУРГТЕР

Бүгін Елбасы кітапханасына бір топ ардагер-металлургтер келді. Металлург күні қарсаңында Тұңғыш Президент музейіне атбасын бұрған осы саланың майталмандарына экскурсия жүргізілді.  

16.07.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ЖӘНЕ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына   Елбасы кітапханасы және Нұрсұлтан Назарбаев қоры журналистерге арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсын жариялайды

14.07.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ КІТАПТАР ТОПТАМАСЫ: «БИЛІК ФОРМУЛАСЫ»

Елбасы кітапханасының кітап қорына түскен жаңа басылымдардың арасында танымал журналист, шеф-редактор, «ТАСС» ақпараттық агенттігі бас директорының бірінші орынбасары, «Билік формуласы» телециклының авторы әрі жүргізушісі Михаил Гусманның «Билік формуласы. Алтын галстукпен 70 сұхбат» атты 2020 жылы жарық көрген кітабы бар.

12.07.2021 | БАЛАЛАРДЫҢ АСТАНА КҮНІНЕ ТАРТУЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Нұр-Сұлтан қаласындағы №38 «Шаттық» бөбекжай-балабақшасы тәрбиеленушілерінің қатысуымен «Еркін елдің еңселі елордасы – Нұр-Сұлтан» балалар фестивалі өтті.

09.07.2021 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ ЛИ ИНАМНЫҢ «SIGNAL OF LIGHT» АТТЫ ЦИФРЛЫҚ ӨНЕР КӨРМЕСІ

9 шілдеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында корей суретшісі Ли Инамның «Signal of Light» цифрлық өнер туындыларының көрмесі ашылды. Вернисаж LED-экрандармен жабдықталған көпфункционалды залдың футуристік кеңістігінде өтті. Көрме Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық көрме жобасы аясында Қазақстан Республикасындағы Корея Республикасы елшілігінің Корей мәдениет орталығымен бірлесіп, Нұрсұлтан Назарбаев қорының көмегімен ұйымдастырылды.

07.07.2021 | КОРЕЙ СУРЕТШІСІ ЛИ ИНАМНЫҢ «SIGNAL OF LIGHT» ЦИФРЛЫҚ ӨНЕР КӨРМЕСІ

9 шілде күні сағат 16.00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Қазақстан астанасының мәдени өміріндегі бірегей оқиға – корей суретшісі Ли Инамның «Signal of Light» цифрлық өнер көрмесінің ашылуына шақырады. Вернисаж Елбасы кітапханасының (Бөкейхан көшесі, 1А) көпфункционалды залының заманауи LED-экрандармен жабдықталған футуристік алаңында өтеді.

01.07.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА СУРЕТШІ ВЛАДИМИР ГВОЗДЕВТІҢ «GVOZDEV+SHEGE» ЖЕКЕ КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ

1 шілдеде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының көркемсурет галереясында (Бөкейхан көшесі, 1А) Ресей Федерациясы суретшілер Одағының мүшесі Владимир Гвоздевтің «Gvozdev+Shege» жеке көрмесі ашылды. Елбасы кітапханасының «Тәуелсіздіктің мәдени коды» жобасы аясында өтіп жатқан көрме  Астана күніне арналған.

30.06.2021 | ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАЛАРЫ МЕН ҚОРЛАР ТУРАЛЫ ӘЛЕМДІК ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСІ (МАУСЫМ, 2021)

Вудро Уилсон ұсынған Байрақ күніне 105жыл Конгресс 1949 жылға дейін Байрақ күнін мереке ретінде бекітпеген еді. Алайда 1916 жылы Байрақ күні мерекесін ұсынған Вудро Вилсон идеясын ел жұрты мойындады. Президент Уилсонның Байрақ күнін ұлттық мереке ретінде ұсынғанынан 105 жыл өтті. Туған жері Вирджиния штатындағы Стаунтон қаласы жылда Байрақ күнін атап өтеді. Вудро Вильсон кітапханасы мен музейі 1969 жылы Зиграндтың немересі ұйымға сыйлағаннан кейін туды алды. Жәдігерлер Стонтон тұрғындары мен саяхатшыларына қол жетімді болады.

29.06.2021 | Кино – жастарға патриоттық тәрбие берудің құралы

28-29 маусымда Нұр-Сұлтан қаласының жоғары медицина колледжі мен сервис және туризм колледжінің студенттері «Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы кино – тарихтың қайнар көзі» онлайн-кинолекторийіне қатысты.

29.06.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТУРАЛЫ

21, 22, 25 маусымда Елбасы кітапханасының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидат Сағынтай Бердагулова Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК басшылығы өтініші бойынша «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік құндылықтарын тәрбиелеудің өзекті мәселелері» тақырыбында онлайн дәріс өткізді.

28.06.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ЖАРИЯЛАНДЫ

28 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Тәуелсіздік ұрпағы» атты балалар мен жасөспірімдер арасында үздік арт-объектке жарияланған халықаралық байқаудың көрмесі мен жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті. 15 жылдан астам уақыт ішінде Елбасы кітапханасы балалардың шығармашылық қабілетін қолдау, оның ішінде жас таланттарды анықтау және республикадағы қосымша білім беру ұйымдарының жұмысын кеңінен насихаттау бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Беттер