Елбасы кітапханасының музей жинақтары топтамасы бірегей жаңа түсімдермен толықты. Олардың ішінде Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевқа ресми кездесу барысында мемлекет басшылары тарту еткен сыйлықтар ерекше орын алады.
Шығыс және Батыс Қазақстан облысының 9–11 сынып оқушыларына «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингінің соңғы күнінде оқу курсының аяталуы туралы сертификаттар салтанатты түрде табыс етілді.
Ағымдағы жылдың 28 наурызында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында екі күндік «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингі басталды. Игі дәстүрге айналған іс-шара Батыс және Шығыс Қазақстан облыстары оқушыларының басын қосты.
Үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап Елбасы кітапханасы өткізіп келе жатқан «Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол» семинар-тренингінің аудиториясы тағы кеңейді. Кітапхананың жетекші ғылыми қызметкерлері дайындаған жаңа оқу бағдарламасын бұл ретте Республикалық оқу-әдістемелік...
Елбасы кітапханасы Музейінде Ғылыми-білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында дәріс жұмыстары жалғасуда. 2018 жылдың 27 наурызында С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті деканатының өтініші бойынша «Бірегейлік және ұлттық сана – жаңаша үлгідегі жаңғырудың шарттары...
2018 жылғы 24 наурызда Қазақстан Республкасының Тұңғыш Президенті Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапармен барды.
Н.Ә. Назарбаев Абу Дабидің мұрагер ханзадасы, БАӘ Қарулы Күштері Жоғарғы Бас қолбасшысының орынбасары шейх Мұхаммед бен Заида Аль Нахаянмен келіссөздер...