Жаңалықтар мұрағаты 2016

Ынтымақтастық көкжиегі кеңейді: Елбасы Кітапханасы және Ұлттық қорғаныс университеті меморандумды мақұлдады  

26 қазан 2016

Мәдени-ағартушылық ордаға айналған Елбасы кітапханасы 30-дан астам мекемемен меморандумды құптаған. Бүгін байланыс көпірі Қазақстан Республикасының  Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетімен орнатылды. Мүддесі ортақ қос мекеменің басшылығы ынтымақтастық туралы...

Экспедиция белсенділеріне интерактивті сабақ ұйымдастырылды

25 қазан 2016

Қостанай және Ақтау қалаларындағы Назарбаев зияткерлік мектептерінің 26 оқушысы - «Туған елге тағзым» өлкетану экспедициясының қатысушылары. Зерттеуге ден қойған жасөспірімдер бүгін Елбасы кітапханасын аралады. 13 жастағы Арайлым Насуха Каспий жағасынан ат терлеткен. Оның елорда төріне екінші...

Рухани қазынаға Қарулы күштер әскерилері тәнті болды 

25 қазан 2016

Елбасы кітапханасының рухани қазынасына ҚР Қарулы күштері Арнайы әскерлері бас басқармасының қызметкерлері үңілді. Қырағы қорғаушыларымыз тәуелсіз Қазақстанның тарихынан сыр шертетін жәдігерлермен, бірегей суреттермен танысты. Әскерилер Семей полигонының жабылуына, бас қаланың көшірілуіне,...

«Тұңғыш» қалалық байқауда күміс жүлдені иеленді

24 қазан 2016

Жылда «Нұр Отан» партиясына қарасты бастауыш партия ұйымдары арасындағы үздіктер анықталады. Игі дәстүр биыл да жалғасын тапты. Бүгін республикалық деңгейдегі байқауда Астананың намысын қорғайтын ұйымдар анықталды. Бас қаладағы 350 бастауыш партия ұйымының 17-сі қалалық іріктеу кезеңіне сүрінбей...

Тың идеялар алаңы: инновациялық «Кемеңгер» клубының алғашқы отырысы өтті

24 қазан 2016

Бастамашыл жастардың бірі – Наурызбай Мусин. Ол Назарбаев университетінде «Электроэнергетика» мамандығының қыр-сырын меңгеруде. 3 курс студентінің ұсынған жобасы жанына жақын кәсіппен ұштасады. Оның аясында өнертапқыш қазақстандықтар нысанаға алынбақ. Электроникаға үңілген студенттер мен...

Қазақстан Президенті CNBC Arabia телеарнасына сұхбат берді

21 қазан 2016

www.akorda.kz

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның алдағы кезеңде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне мүше болуына, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы жұмсаған күш-жігеріне байланысты сұрақтарға жауап беріп, республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде айтты....

Азаттықтың ақ таңын жақындатқан жастар жайлы жинақ туралы

20 қазан 2016

Өткен ғасырдың 60-80 жылдарында қазақ жастарын бір мүдде тоғыстырды: азаттықтың ақ таңын жақындату, ұлттық рухты асқақтату. Қайсарлығымен және ұлтжандылығымен тарихта қалған қаракөз қыздар мен жігіттердің ерлігі жайлы Әміржан Әлпейісов қалам тербеді. 2015 жылы жарыққа шыққан кітап «Жас тұлпар»...

Қырағы қорғаушыларымыздың алғашқы легі «Әлемді өзгертетін идеялармен» танысты

19 қазан 2016

«Тәртіпке бағынған құл болмайды». 20 жылдан бері бұл ақтаулық Қуаныш Қошаев үшін бұлжытпас қағидаға айналған. ІІ шенді капитан әскери теңіз күштерінде тыныш ұйқымызды күзетеді. Оған еліміздің теңіздегі шебін қорғау міндеті артылған. Тәжірибелі маман Каспий теңізінің аумағында сақшылық...

Елбасы кітапханасында «Кемел Ел» сарапшылық клубы жұмысын бастады

18 қазан 2016

Елбасы кітапханасы жастарды тоғыстыратын бірегей сұхбат алаңына айналды. Кейінгі толқын түйткілді мәселелерді талқылайды, өзара пікір алмасады. Енді белсенділер әлеуметтік маңызды жобалар мен жаңашыл идеяларға бастамашылдық танытып отыр. Жауапкершілік жүгі Елбасы кітапханасының «Кемел Ел» мәдени...

«Тұңғыш» БПҰ: атқарылған және межеленген жұмыстар

17 қазан 2016

17 қазан күні Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасындағы «Тұңғыш» бастауыш партия ұйымының 2015-2016 жылдардағы жұмысы бойынша есеп беру жиналысы өтті. Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды. Оның алғашқысы атқарылған жұмыстардың нәтижесін саралауға арналды. «Тұңғыштың»...