Музей


Елбасы кітапханасының музейі елорданың Алматыдан Астанаға көшірілгенінен кейін 1997-2004 жылдар аралығында жұмыс істеген Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Резиденциясының ғимаратында орналасқан. Бастапқы күйінде сақталған Тұңғыш Президенттің кеңсесі, қабылдау бөлмесі және мәжіліс залдары сол жылдардағы жұмыс атмосферасын сезіндіреді. Кітапхана музейінде ұсынылған жәдігерлер Н.Ә. Назарбаевтың өмірі мен қызметінен сыр шертіп қана қоймай, егемен Қазақстанның құрылу және даму тарихын бейнелейді.