Кітапхана

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Жеке кітапханасының жұмыс істеуі «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» 2000 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, «Мәдениет туралы» 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы «мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы»Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 13 наурыздағы Жарлығына сәйкес жүзеге асырылады.

Жеке кітапхана қорының негізін Елбасының кітаптары мен оның Қазақстан Республикасында және шетелде шығарылған авторлық туындылары; авторлардың Тұңғыш Президентке сыйға тартылған қолтаңбалары бар кітаптар мен басқа да баспа басылымдары; сирек кездесетін, коллекциялық және сыйлық басылымдар; мерзімді басылымдар (газеттер, журналдар); анықтамалық әдебиеттер (энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалықтар); биобиблиографиялық және библиографиялық көрсеткіштер мен электрондық басылымдар құрайды.

Келу үшін жазылу