Коллекциялар


Елбасы кітапханасының музейлік жинағындағы ең басты әрі маңызды топтамалар - ол Елбасының наградалар қоры.  Елбасының наградалар қоры Жоғары мемлекеттік наградалар топтамасы және Қоғамдық наградалар топтамасы болып екіге бөлінеді.

 

Қару-жарақ және әскери сауыт-сайман топтамасы

Қару-жарақ және әскери сауыт-сайман топтамасына оқпен ататын қарулар, суық қарулар, қорғаныс қарулары, ат жабдығы, амуниция (аңшылардың жарақтық заттары, сонымен бірге әскери және аңшылық тақырыбына қатысты басқа да заттар) кіреді.  

Бағалы металдар мен бағалы тастар бұйымдары топтамасы

Бағалы металдар мен бағалы тастар бұйымдары топтамасына аталған материалдар мен тастардан жасалған кәдесыйлық бұйымдар мен композициялар, зергерлік бұйымдар, сәндік (декоративті) ыдыс-аяқтар, діни салт-дәстүрлерде қолданылатын ыдыс-аяқтар, тұрмыстық заттар, нумизматика және т.б. кіреді. Бағалы металдар мен бағалы тастар бұйымдары топтамасына аталған материалдар мен тастардан жасалған кәдесыйлық бұйымдар мен композициялар, зергерлік бұйымдар, сәндік (декоративті) ыдыс-аяқтар, діни қызметтегі ыдыс-аяқтар, тұрмыстық заттар, нумизматика және т.б. кіреді.

Кәдесыйлық бұйымдар топтамасы

Кәдесыйлық бұйымдар топтамасына сәндік (декоративті) табақтар, кәдесыйлық панно (естелік пластиналар, естелік тақтайлар, құттықтау хаттар, панно), естелік кәдесыйлар (үстелге арналған кәдесыйлар, композициялар, мүсіншелер, стелалар, билік нышандары, дін және ғибадат заттары, музыкалық аспаптар (кіші көлемді), плакеткалар, кәдесыйлық кілттер), спорттық кәдесыйлар, қобдишалар, макет-кәдесыйлар кіреді.  

Материалдық мәдениет заттары топтамасы

Материалдық мәдениет заттары топтамасына макеттер, спорттық инвентарь және үстел үстілік ойындар, өндірістік құралдар және өнімнің үлгілері, музыкалық аспаптар, тұрмыстық заттар, автокөліктер, археологиялық артефактілер кіреді.  

Жұмсақ инвентарь топтамасы

Жұмсақ инвентарь топтамасына тұрмыстық заттар (сүлгі, дастарқан, майлық), вексиллология (ту, жалау, байрақ, жалауша), матаның әр түрінен жасалған, жұмсақ материалдардан дайындалған жұмсақ кәдесыйлар кіреді.  

Киім топтамасы

Киім топтамасына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жеке киімдері, арнайы киім (спорттық, жұмыс, іскерлік, әскери киім), әлем халықтарының ұлттық киімі, шетелдік және отандық оқу орындары мен ғылыми мекемелерінің мантиялары, бас киімдер және аяқ-киімдер кіреді  

Нумизматика топтамасы

Нумизматика топтамасына нумизматика (монеталар), бонистика (банкноталар мен бонналар), фалеристика (медалдар, төсбелгілер, белгілер, спорттық медалдар), филателия (пошта маркалары, пошта конверттері, пошталық ашық хаттар), геральдика (елтаңба үлгісі), үстелге қоятын медалдар (кәдесыйлар түріндегі естелік, мерейтойлық), сфрагистика (мөр, мөртабан) кіреді.  

Бейнелеу өнерінің туындылары топтамасы

Бейнелеу өнерінің туындылары топтамасына мүсін, сурет өнері, графика, сәндік-қолданбалы өнер туындылары, нобайлық және кеңістік бейнелер, фоторепродукциялар, балалар суреттері кіреді.  

Ыдыс-аяқ топтамасы

Ыдыс-аяқ топтамасына вазалар (сәндік, едендік, гүлдерге, тәттіге, жеміс-жидекке арналған), асханалық ыдыстар (шай сервиздері, кофе сервиздері, ас үй заттары, тәрелкелер және табақтар), сыйға тартылған жинақтар (графиндер, құмыралар, стақандар, тостақандар, фужерлер, ішуге арналған ыдыстар, саптыаяқтар), ұлттық үй заттары (сабылар, торсықтар, құмыралар, шайқағыш) кіреді.  

Кілем және киіз бұйымдары топтамасы

Кілем және киіз бұйымдары топтамасына портреттік кілемдер, сюжеттік кілемдер, кілемдік бұйымдар (кілемдер, кілемшелер, панно), киіз бұйымдары кіреді.  

Беттер