Аңдатпа


26.08.2020 | АҢДАТПА. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АТА ЗАҢЫНА 25 ЖЫЛ

30 тамызда еліміз Конституцияның 25 жылдығын атап өтпек. Конституция — мемлекеттің іргетасы. Ата заң беттерінде елдің даму стратегиясы мен міндет-мақсаты, құқықтық нормалары сипатталған. Ол – заңнамалық базаны құрайтын, мемлекет пен азаматтар арасындағы байланысты, сондай-ақ заңнамалық, атқарушы, сот билігінің қарым-қатынасын реттейтін заңды күші бар басты құжат.

25.08.2020 | АҢДАТПА. ЯДРОЛЫҚ СЫНАҚТАРҒА ҚАРСЫ КҮРЕСТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КҮНІ

29 тамыз – Ядролық сынақтарға қарсы күрестің халықаралық күні. Атаулы күнді бекіткен Біріккен ұлттар ұйымы бас ассамблеясының қарарын Қазақстан 1991 жылы 29 тамызда Семей ядролық полигонының жабылуына орай ұсынған болатын.  Ядролық сынақтарға қарсы күрестің халықаралық күнін әлем 2010 жылы алғаш атап өткен еді. Сол күннен бері жылда ядролық қарудан азат әлемді қалыптастыруға жағдай жасайтын симпозиум, конференция, көрме, конкурс, дәріс, ақпараттық бағдарлама сынды көптеген іс-шараларды өткізу дәстүрі қалыптасты.

22.06.2020 | АҢДАТПА: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОЛИМПИАДА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОЛИМПИАДАЛЫҚ ҚОЗҒАЛЫС» БЕЙНЕКӨРМЕСІ

23 маусым күні аталып өтілетін Халықаралық Олимпиада күніне орай, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы өзінің ресми сайтында  «Қазақстандағы Олимпиадалық қозғалыс» атты виртуалды    бейнекөрмесін ұсынады. Бейнекөрме материалдары көрермендерге спорт саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемдегі Олимпиадалық қозғалысты дамыту және қазақстандықтардың салауатты өмір салтын қалыптастыру  бастамалары туралы баяндайды.

31.05.2020 | «ҮМІТІН ЕЛДІҢ АРҚАЛАП, АРМАННАН ТУҒАН РӘМІЗДЕР» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТЕДІ

4 маусым күні, 11.00 сағатта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Үмітін елдің арқалап, арманнан туған рәміздер» тақырыбында дөңгелек үстел онлайн форматта өтеді. Іс-шара патриотизм мен ұлттық бірегейлікті қалыптастырудың, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қастерлеудің өзекті мәселелерін талқылауды көздейді.

27.05.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ IV «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАСТАУ АЛДЫ

Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, композиторы, ағартушысы және ғұлама ойшылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған жыл сайынғы «Абай оқулары» әдеби эстафетасының басталғанын хабарлайды. «Абай оқулары» жобасының мақсаты: – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасына және Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың Абайдың 175 жылдық мерейтойын өткізу туралы бастамасына ақпараттық-имидждік қолдау көрсету;

25.05.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ САЯСИ ҚУҒЫН-СҮРГІН ҚҰРБАНДАРЫН ЕСКЕ АЛУ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН «БОЛАШАҚ ҮШІН ЕСТЕЛІК» АТТЫ ВИРТУАЛДЫ БЕЙНЕКӨРМЕСІ

31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Елбасы кітапханасы өзінің ресми сайтында «Болашақ үшін естелік» виртуалды бейнекөрмесін ұсынады.

25.05.2020 | «Н.Ә. НАЗАРБАЕВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАСТАМАЛАРЫ: ТӘЖІРИБЕ ЖӘНЕ БАСЫМДЫҚТАР» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ

2020 жылғы 29 мамыр күні, 11:00 сағатта Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Ақмола облысы әкімдігімен, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетімен бірлесе «Н.Ә. Назарбаев және Қазақстанның халықаралық бастамалары: тәжірибе және басымдықтар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік онлайн-конференция өткізеді. Конференция жұмысының негізгі бағыттары:

14.05.2020 | ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МУЗЕЙЛЕР КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ «КҮМІСТІҢ МӘҢГІЛІК СӘУЛЕСІ» АТТЫ ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕСІ

18 мамыр – Халықаралық музейлер күнінде Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевқа әр жылдары берілген күмістен жасалған дипломатиялық сыйлықтар топтамасынан  «Күмістің мәңгілік сәулесі» виртуалды көрмесін ұсынады. «Күмістің мәңгілік сәулесі» виртуалды көрмесі сегіз тараудан тұрады, онда: асханалық күмістер, шайға арналған жиынтықтар, құмғандар, сәндік тәрелкелер, құмыралар, мүсіндер, қобдишалар және жазуға арналған заттар бар. Көрме барлығы 126 сақтау бірліктен тұрады.

04.05.2020 | «ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖАУЫНГЕРЛЕР СТАЛИНГРАД ҮШІН ШАЙҚАСТА» ВИРТУАЛДЫ КӨРМЕСІ

Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75-жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы бірқатар көрмелер мен іс-шараларды  жоспарлады. Белгілі себептерге байланысты көрмелер Елбасы кітапханасының сайты мен Қазақстандағы Россотрудничество Өкілдігінің және «Sputnik Қазақстан» жаңалықтар агенттігінің сайттары арқылы әлеуметтік желілерде көру үшін қолжетімді электрондық форматқа көшті. 

Беттер