Аңдатпа


17.11.2020 | АҢДАТПА. «N.A. NAZARBAYEV. ULU BOZKIRIN MIRASI» КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯ

20 қараша күні сағат 12.00-де Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен және Халықаралық түркі мәдениеті ұйымымен (ТҮРКСОЙ) бірлесіп, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің қолдауымен түрік тілінде жазылған «N.A. Nazarbayev. Ulu Bozkirin mirasi» («Н.Ә. Назарбаев. Ұлы Дала мұрасы») кітабының тұсаукесеріне арналған халықаралық онлайн-конференция өткізеді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орайластырылған.

10.11.2020 | ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ ЗАЛЫ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ДА АШЫЛАДЫ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да 2020 жылдың 11 қараша күні сағат 17.00-де Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың залы ашылады. Шара елімізде 1-ші желтоқсанда атап өтілетін ҚР Тұңғыш Президенті күніне орайластырылған. Оған Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры, саяси ғылымдардың докторы, профессор Әмірхан Рахымжанов, ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов, университет ғалымдары, қоғам және БАҚ өкілдері қатысады.

10.11.2020 | «НҰРСҰЛТАН ӘБІШҰЛЫ НАЗАРБАЕВ» БИОБИБЛИОГРАФИЯ-КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

12 қарашада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы ҚР Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, Алматы қаласындағы «Ғылым ордасы»  (Шевченко к-сі, 28, 3 қабат, конференция залы )Орталық ғылыми кітапханада «Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев» биобиблиографиясының тұсаукесерін өткізеді. Жобаны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесінің басшысы, саяси ғылымдардың докторы, профессор М.Б. Қасымбеков басқарды.

06.11.2020 | «ИОАНН ПАВЕЛ ІІ – ҮНҚАТЫСУ ПАПАСЫ» КӨРМЕ АШЫЛМАҚ

Биыл 10 қарашада, сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік к-сі, 11) Рим папасы Иоанн Павел II-нің 100 жылдығына орай Понтификтің 2001 жылғы Қазақстанға ресми сапарына арналған «Иоанн Павел ІІ – үнқатысу Папасы» көрмесі ашылады. «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық көрме жобасы аясында өтетін іс-шараны Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасындағы Польша Республикасының елшілігі мен Қазақстан Республикасындағы Апостолдық нунциатурамен бірлесіп ұйымдастырады.

05.11.2020 | ЕЛОРДАДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ОНЛАЙН ТУРНИР

7 қарашада Тұңғыш Президент күніне орай Елбасы кітапханасы жанындағы «Ақиқат» пікірсайыс клубы елорданың техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің студенттері арасында «Елбасы және қазақ мемлекеттілігі» тақырыбында Елбасы кітапханасының ауыспалы кубогіне онлайн қалалық пікірталас турнирін өткізеді.  «Ақиқат» пікірсайыс клубының мақсаты – тәуелсіз  Қазақстан тарихындағы өзекті мәселелерді талдау арқылы жастардың сыни тұрғыдан ойлау дағдысы мен қойылған мәселені өз бетінше шешіп, ақиқатқа жетуге баулу. 

02.11.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІНІҢ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЮЫ

4 қараша сағат 12.00-де Елбасы Кітапханасының жаңа мұражай ғимаратында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасы мен Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою салтанаты өтеді.

26.10.2020 | «КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ...» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫ

Елбасы кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, Халықаралық Түрік академиясы және М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің қолдауымен  Қазақстан Респубикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Көңілдің асыл пернесі...» онлайн халықаралық шығармашылық байқауын жариялайды.  

21.10.2020 | ҚАЗАҚБАЙ ӘЖІБЕКҰЛЫНЫҢ «ӨНЕР ШЫҢЫНА ҰМТЫЛЫС» АТТЫ ЖЕКЕ КӨРМЕСІ

23 қазан, сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында (Бөкейхан көш., 1a) белгілі кескіндемеші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері Қазақбай Әжібекұлының «Өнер шыңына ұмтылыс» атты жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтеді.

16.09.2020 | НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАП «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

Нұрсұлтан Назарбаев қоры мен Елбасы кітапханасы баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері арасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» тақырыбы бойынша таңдаулы материалдарға жыл сайынғы халықаралық конкурс жариялайды.

15.09.2020 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ АБАЙҒА ТАҒЗЫМ ЕТЕДІ

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен биылғы жыл ұлы ақын Абайдың 175 жылдық мерейтойы боп жарияланды. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салған ағартушының шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани байлығы. Заман өзгеріп, қоғамдық санада күрт сапырылыстар туған сайын, бұл мирас өзінің жаңа бір қырларымен жарқырай ашылып, қадірін арттыра түсетіні рас.

Беттер