Аңдатпа


15.04.2021 | «ТҮРКІСТАН – ТҮРКІ ӘЛЕМІНІҢ РУХАНИ АСТАНАСЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН-КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

16 сәуір күні сағат 15.00-де Елбасы кітапханасында «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» халықаралық онлайн-конференциясы өтеді.     Іс-шараны Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі және Нұрсұлтан Назарбаев Қоры ұйымдастырады.

09.04.2021 | «АДАМҒА ТАБЫН, ЖЕР, ЕНДІ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОНЛАЙН КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ

12 сәуір күні сағат 10.00-де астананың оң жағалауындағы Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік көшесі,11) «Адамға табын, жер, енді» онлайн режиміндегі көрменің ашылуы өтеді. Шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Юрий Гагаринның ғарышқа ұшуының 60 жылдығы мен Тоқтар Әубәкіровтің ғарыштағы алғашқы сапарына 30 жыл толуына арналады.     

07.04.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ МЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТҮРКІ АКАДЕМИЯСЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЯДЫ

8 сәуір күні сағат 15.00 -де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболаттың Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлімен кездесуі өтеді. Басқосу барысында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективалары талқыланады.  Кездесу аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың түркі әлеміне және түркітілдес елдердің ынтымақтастығы үшін рөлін зерделеу бойынша бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру мақсатында меморандумға қол қою рәсімі өтеді. 

30.03.2021 | «АУҒАН ӨНЕРІНІҢ СЫЙЫ» КӨРМЕСІ АШЫЛМАҚ

2 сәуірде, сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының кітапханасында (Ә.Бөкейхан көшесі, 1а) Ауғанстан суретшісі Фаряди Мохаммад Масудтың «Ауған өнерінің сыйы» атты көрмесі ашылады. Көрмені «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Елбасы кітапханасы мен Ауғанстан Ислам Республикасының елшілігі бірлесіп ұйымдастырылды.

15.03.2021 | «КОРЕЙ ТҮСТЕРІ: КЕШЕ ЖӘНЕ БҮГІН» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ ӨТЕДІ

2021 жылы 16 наурызда, сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында (Бейбітшілік көшесі, 11) «Корей түстері: кеше және бүгін» көрмесінің ашылуы өтеді. Оның алдында сағат 16.00-де корейлердің «хварот» дәстүрлі той көйлегін жасау құпиясымен танысқысы келетіндерге арналған шеберлік сыныбы өтеді.

10.03.2021 | «ҚАЗАҚСТАН МАҚТАНЫШЫ» СПОРТ-РЕВЮ

12 наурызда сағат 16.00-де Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында (Бөкейхан к-сі, 1А) Серік Сәпиев, Юрий Мельниченко, Илья Ильин, Гюзель Манюрова, Болат Жұмаділов, Мұхтархан Ділдәбеков, Әлия Юсупова, Василий Левит, Дархан Нортаев, Мөлдір Мекенбаева, Бейбіт Ыстыбаев, Сергей Цырульников, Қазақстан байкерлер қауымдастығының президенті Дмитрий Петрухин сынды спорт саңлақтары мен олардың шәкірттерінің қатысуымен «Қазақстан мақтанышы» спорт-ревюі өтеді.

26.02.2021 | «МЫҢ АЛҒЫС САҒАН, ҰЛЫ ДАЛАМ!» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТЕДІ

1 наурыз күні сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінің жаңа ғимаратында (Ә. Бөкейхан к-сі, 1А) Алғыс айту күніне арналған «МЫҢ АЛҒЫС САҒАН, ҰЛЫ ДАЛАМ!» халықаралық дөңгелек үстелі өтеді.

24.02.2021 | Балалар көркемсурет мектебі оқытушыларының «Шығармашылық: қабілет, әуестік» атты көрмесінің ашылуы өтеді

2021 жылғы 25 ақпанда сағат 17.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы музейінде (Бейбітшілік көшесі, 11) «Туған өлкем» балалар шығармашылығын қолдау бойынша республикалық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған Нұр-Сұлтан қаласының Балалар көркемсурет мектебі ЮНЕСКО клубы оқытушыларының туындыларынан құралған «Шығармашылық: қабілет, әуестік»  көрмесінің ашылуы өтеді.

22.02.2021 | «Ұлы дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас» халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы

24 ақпанда 15:00-де Елбасы кітапханасының жаңа музейінде (Ә.Бөкейхан, 1А) «Ұлы Дала және Қазақ мемлекеттілігі: жаңаша ой мен тың көзқарас»халықаралық ғылыми-практикалық онлайн-конференциясы өтеді.

Беттер