Аңдатпа


19.05.2021 | «АДАМЗАТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН ҒАРЫШТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТЕДІ

21 мамырда, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының оң жағалаудағы музейінде (Бейбітшілік к-сі, 11) «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» дөңгелек үстелі өтеді. Іс-шара «Адамға табын, жер, енді!» халықаралық көрмесінің көпшілікке арналған бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.

13.05.2021 | «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ

14 мамырда, сағат 15.00-де Елбасы кітапханасы мен еліміздегі М.В.Ломоносов атындағы ММУ филиалы «Тәуелсіз Қазақстан: тарих және қазіргі заман» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстандағы ММУ филиалының 20 жылдығына орайластырылмақ.

12.05.2021 | «АЛАТАУ ЖАУҺАРЛАРЫ» КӨРМЕСІ ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ ОРАЙ КӨРМЕЛЕР СЕРИЯСЫН ҰСЫНАДЫ

13 мамырда, сағат 17.00-де Елбасы кітапханасының музейінде (Ә.Бөкейхан к-сі, 1а) суретші Анар Әбжанованың «Алатау жауһарлары» атты жеке көрмесінің ашылусалтанаты өтеді. 

11.05.2021 | ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰҢҒЫШ ҒАРЫШКЕРІ, ХАЛЫҚ ҚАҺАРМАНЫ Т.О. ӘУБӘКІРОВПЕН КЕЗДЕСУ ӨТЕДІ

12 мамыр сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік көшесі, 11) Қазақстанның тұңғыш ғарышкері, Халық қаһарманы Т.О. Әубәкіровпен офлайн форматта кездесу өтеді. Іс-шара адам баласының ғарышқа алғашқы ұшуының 60 жылдығы, Т.О. Әубәкіровтың ғарышқа ұшуының 30 жылдығына арналған көпшілік бағдарлама аясында «Адамға табын, жер, енді!» халықаралық көрме алаңында ұйымдастырылады. 

04.05.2021 | «ҚАЗІРГІ ЗАМАНДА АДАМ МЕН ҚОҒАМНЫҢ ӨЗАРА ҮЙЛЕСІМДІ ЫҚПАЛДАСТЫҒЫ ҮШІН ДАЛАЛЫҚ АТҚА МІНУ ӨРКЕНИЕТІНІҢ ТАРИХИ МАҢЫЗЫ» СҰХБАТ АЛАҢЫ

Ағымдағы жылдың 5 мамырында, сағат 11:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік к-сі, 11) «Қазіргі заманда адам мен қоғамның өзара үйлесімді ықпалдастығы үшін далалық атқа міну өркениетінің тарихи маңызы» тақырыбында онлайн сұхбат алаңы құрылады. Іс-шара ат міну өркениетінің далалық ерекшеліктерін анықтап, оны адамзат қоғамының тарихи моделі ретінде қарастыруды көздейді.

27.04.2021 | «ЕЛ ҮМІТІН ЕР АҚТАР» КЕЗДЕСУІ ӨТЕДІ

28 сәуір күні, сағат 15.00-де Елбасы кітапханасында (Бейбітшілік к., 11) Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған «Ел үмітін Ер ақтар» кездесуі өтеді. Іс-шараны Елбасы кітапханасы мен Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі ұйымдастырады.

21.04.2021 | «ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ СЫН-ҚАТЕРЛЕР ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАНЫ ҚАЙТА ҚҰРУ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ

23 сәуірде, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасы мен М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Қазақстандағы филиалы онлайн форматта «Қазіргі заманғы сын-қатерлер және экономиканы қайта құру» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізеді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстандағы ММУ филиалының 20 жылдығына орайластырылған.

20.04.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНДА «ФЕНОМЕН НАЗАРБАЕВА» («НАЗАРБАЕВ ФЕНОМЕНІ») КІТАБЫНЫҢ ТҰСАУКЕСЕРІ ӨТЕДІ

2021 жылдың 22 сәуірінде сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында Ольга Видованың «Феномен Назарбаева» («Назарбаев феномені») кітабының онлайн тұсаукесері өтеді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстанда президенттік институттың құрылған күні қарсаңында өтеді.

15.04.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ «ТӘУЕЛСІЗДІК ҰРПАҒЫ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙҚАУЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

Елбасы кітапханасы балалар мен жасөспірімдер арасында бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жанрындағы үздік арт-объектіні анықтау үшін «Тәуелсіздік ұрпағы» халықаралық байқауын жариялайды.

Беттер