Аңдатпа


08.09.2021 | СУРЕТШІ ЖЕҢІС НҰРЛЫБАЕВТЫҢ «ПАНДЕМИЯ. ШЕКТЕУ. САМҒАУ...» АТТЫ КӨРМЕСІ АШЫЛМАҚ

9 қыркүйек күні сағат 17.00 - де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында (Ә.Бөкейхан к-сі, 1а) белгілі кескіндемеші, график, ҚР суретшілер Одағының мүшесі, публицист Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылады. «Күміс қауырсын» графикалық топтамасын жалғастыра отырып, автор мәжбүрлі оқшаулану кезеңдерін тордан ұшатын құс бейнесінде адамның эмоционалды-психологиялық жағдайын қабылдау механизмін іске қосқан триггер ретінде бағалайды.

27.08.2021 | АҢДАТПА: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ЖЕНЕВА ҚАЛАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІП, БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТТАРҒА ҚОЛ ҚОЯДЫ

2021 жылғы 30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Женева қаласында (Швейцария) халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бі

27.08.2021 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫН МЕРЕКЕЛЕУ АЯСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ – ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ЖЕНЕВА ҚАЛАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗІП, БІРҚАТАР МАҢЫЗДЫ ҚҰЖАТТАРҒА ҚОЛ ҚОЯДЫ

2021 жылғы 30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Женева қаласында (Швейцария) халықаралық ұйымдардың өкілдерімен бірқатар іс-шаралар мен кездесулер өткізеді. Басқосулар барысында жаһандық және өңірлік қауіпсіздікке, архивтік және тарихи зерттеулерге, сондай-ақ дипломатиялық әрі халықаралық қатынастарға қатысты салалардағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған құжаттарға қол қойылады.

23.08.2021 | «МАҢЫЗДЫ ШЕШІМДЕР КЕЗЕҢІ» КӨРМЕСІ

2021 жылғы 25 тамыз күні сағат 10.00-де Семей қаласындағы Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Маңызды шешімдер кезеңі» қор көрмесі ашылады. Іс-шараны Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат пен Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов ашады.

03.08.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ V «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАСТАЛДЫ

Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, қазақ классикалық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абай оқулары» жыл сайынғы әдебиет байқауын жариялайды. «Абай оқулары» жобасының мақсаттары:

07.07.2021 | КОРЕЙ СУРЕТШІСІ ЛИ ИНАМНЫҢ «SIGNAL OF LIGHT» ЦИФРЛЫҚ ӨНЕР КӨРМЕСІ

9 шілде күні сағат 16.00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Қазақстан астанасының мәдени өміріндегі бірегей оқиға – корей суретшісі Ли Инамның «Signal of Light» цифрлық өнер көрмесінің ашылуына шақырады. Вернисаж Елбасы кітапханасының (Бөкейхан көшесі, 1А) көпфункционалды залының заманауи LED-экрандармен жабдықталған футуристік алаңында өтеді.

24.06.2021 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ МЕН АСТАНА КҮНІНЕ АРНАЛАДЫ

«Қазақстандық жол» жобасы іске қосылмақ  2021 жылдың 25 маусымында сағ. 17.00 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік көш., 11) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстандық жол» жобасын іске қосылады. Жобаның шымылдығын Астана күніне арналған «Арман қала» көрмесі ашады.

02.06.2021 | «БІЗ – ЕЛ ПАТРИОТЫМЫЗ» халықаралық жастар форумы

2021 жылғы 4 маусымда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында (Ә.Бөкейхан к-сі, 1А) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «БІЗ – ЕЛ ПАТРИОТЫМЫЗ» халықаралық жастар форумы өтеді. Форумның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

24.05.2021 | «ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ ПАРАДИГМАСЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТЕДІ

Ұйымдастырушылар: ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, БҰҰ «Жасыл экономика бойынша іс-әрекеттер серіктестігі» (PAGE). Уақыты: 2021 жылғы 25 мамыр (14.00-15.30). Формат: офлайн / онлайн.

21.05.2021 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы «Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары» атты ашық республикалық ғылыми мақалалар байқауын өткізетіндігін жариялайды. Конкурс 2021 жылғы 15 наурыздан 30 маусымға дейін өткізіледі.    

Беттер