Аңдатпа


21.07.2021 | БІЗ БАРШАҢЫЗДЫ ЭКСКУРСИЯДА КҮТЕМІЗ!

Ә.Бөкейхан көшесі, 1А (сол жағалау) және Бейбітшілік көшесі 11 мекенжайлары бойынша орналасқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музей ғимараттарына келушілерді қабылдау және экскурсиялық турлардың жалғасатынын қонақтарымызға қуана хабарлаймыз. Музей күн сайын сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, белгіленген режимде жұмыс істейді. Экспозицияға кіру уақыты – 17.15-ке дейін. Демалыс күні – дүйсенбі.

19.07.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНЫҢ V «АБАЙ ОҚУЛАРЫ» БАСТАЛДЫ

Елбасы кітапханасы қазақтың ұлы ақыны, дана ойшылы, қазақ классикалық жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына арналған «Абай оқулары» жыл сайынғы әдебиет байқауын жариялайды. «Абай оқулары» жобасының мақсаттары:

16.07.2021 | ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ ЖӘНЕ НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ ҚОРЫ ЖУРНАЛИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН «ҚАЗАҚСТАН ТӘУЕЛСІЗДІГІ ЖӘНЕ ЕЛБАСЫ» КОНКУРСЫН ЖАРИЯЛАЙДЫ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына   Елбасы кітапханасы және Нұрсұлтан Назарбаев қоры журналистерге арналған «Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» конкурсын жариялайды

07.07.2021 | КОРЕЙ СУРЕТШІСІ ЛИ ИНАМНЫҢ «SIGNAL OF LIGHT» ЦИФРЛЫҚ ӨНЕР КӨРМЕСІ

9 шілде күні сағат 16.00-де  Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Қазақстан астанасының мәдени өміріндегі бірегей оқиға – корей суретшісі Ли Инамның «Signal of Light» цифрлық өнер көрмесінің ашылуына шақырады. Вернисаж Елбасы кітапханасының (Бөкейхан көшесі, 1А) көпфункционалды залының заманауи LED-экрандармен жабдықталған футуристік алаңында өтеді.

24.06.2021 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ МЕН АСТАНА КҮНІНЕ АРНАЛАДЫ

«Қазақстандық жол» жобасы іске қосылмақ  2021 жылдың 25 маусымында сағ. 17.00 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде (Бейбітшілік көш., 11) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстандық жол» жобасын іске қосылады. Жобаның шымылдығын Астана күніне арналған «Арман қала» көрмесі ашады.

02.06.2021 | «БІЗ – ЕЛ ПАТРИОТЫМЫЗ» халықаралық жастар форумы

2021 жылғы 4 маусымда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында (Ә.Бөкейхан к-сі, 1А) Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «БІЗ – ЕЛ ПАТРИОТЫМЫЗ» халықаралық жастар форумы өтеді. Форумның ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, Нұрсұлтан Назарбаев қоры, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі.

24.05.2021 | «ЖАСЫЛ ЭКОНОМИКА – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТҰРАҚТЫ ДАМУЫНЫҢ ПАРАДИГМАСЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТЕДІ

Ұйымдастырушылар: ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі, БҰҰ «Жасыл экономика бойынша іс-әрекеттер серіктестігі» (PAGE). Уақыты: 2021 жылғы 25 мамыр (14.00-15.30). Формат: офлайн / онлайн.

21.05.2021 | ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА БАЙЛАНЫСТЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы «Қазақстан жаһандық әлемде: ұлттық бәсекеге қабілеттілікті арттыру жолдары» атты ашық республикалық ғылыми мақалалар байқауын өткізетіндігін жариялайды. Конкурс 2021 жылғы 15 наурыздан 30 маусымға дейін өткізіледі.    

19.05.2021 | «АДАМЗАТҚА ҚЫЗМЕТ ЕТЕТІН ҒАРЫШТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛІ ӨТЕДІ

21 мамырда, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының оң жағалаудағы музейінде (Бейбітшілік к-сі, 11) «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» дөңгелек үстелі өтеді. Іс-шара «Адамға табын, жер, енді!» халықаралық көрмесінің көпшілікке арналған бағдарламасы аясында ұйымдастырылады.

13.05.2021 | «ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: ТАРИХ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ЗАМАН» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ

14 мамырда, сағат 15.00-де Елбасы кітапханасы мен еліміздегі М.В.Ломоносов атындағы ММУ филиалы «Тәуелсіз Қазақстан: тарих және қазіргі заман» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді. Іс-шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Қазақстандағы ММУ филиалының 20 жылдығына орайластырылмақ.

Беттер