«ЖАСЫЛ ҚАЗАҚСТАН» акциясы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы «Жасыл Қазақстан» акциясының басталғанын хабарлайды және жұртшылықты аталған бастаманы қолдауға шақырады.

2015 жылдың 4 мамыры күні сағат 16.00-де Елбасы кітапханасының қызметкерлері, оқырмандары және «Кемел ел» жастар тәрбиесі орталығының мүшелері Назарбаев орталығы ғимаратының аумағына ағаш, тал отырғызуға шығады. Акция «Жасыл Жер» ЖШС қолдауымен өткізіледі.

Ұйымдастырушылар бұл ұсынысты еліміз бойынша қолдап, дәстүрге айналдыруға үлес қосушылар табылатынына үмітті.

Аккредитация үшін байланыс телефондары: 8 7172 69-30-36, 8 777 940 23 13,

е-mail: presidentlibrary.pr.kz@gmail.com