«ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ» ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ ҮЛГІСІНІҢ ТҰСАУКЕСЕРІ

27 мамыр күні сағат 11:30 Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында «Жаңа Қазақстандық Патриотизмді Қалыптастыру» патриоттық тәрбие беру Үлгісінің тұсаукесері болады.

Үлгі 2009 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде әзірленіп, осы жоғары оқу орнында тәрбие үдерісінің негізі болып табылады.

Қарағанды делегациясының құрамында ҚарМТУ ректоры, Қазақстан Республикасының  Ұлттық ғылым академиясының академигі Арстан Ғазалиев, ҚарМТУ құрметті профессоры, сыртқы істер министрі (1991-1994 жж.), Төтенше және Өкілетті Елші (1996-2005), саясаттану ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының профессоры Төлеутай Сүлейменов, Ақсақалдар Кеңесінің төрағасы Тоғайбаев Каден және университеттің басқа да өкілдері бар.

Сондай-ақ шараға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті

Н.А. Назарбаевтың курстастары - Ж. Әбішев атындағы Химия-металлургия институтының бас ғылыми қызметкері Қабидолла Сарекенов, профессор Қайролла Қызыров және Қуаныш Омашев қатысады.

Кездесу барысында Кітапхана бойынша экскурсия жасау, тақырыптық көрмелерді аралау, қарағандылық ғалымдардың сұхбаты, патриоттық тәрбие беру Үлгісін іске асырудың ғылыми-әдістемелік жинағын Кітапханаға сыйға тарту жүзеге асырылады.

Өткізілу орны: Астана қаласы, Еңбекшілер көшесі 10, «Назарбаев орталығы» ғимараты (ғимаратқа кіру арнайы рұқсатнама арқылы).