20 мамырда, сағ. 11.00-де Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы Әскери колледжінде (Щучинск қ.) Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 30 жылдығына орай «Ұлы дала ұландары» көшпелі көрмесі ашылады. Көрме Елбасы кітапханасының «Тұңғыш» экскурсиялық жобасының аясында ұйымдастырылмақ.
Экспозиция жоңғар шапқыншылығынан жерін қорғаған батырлардың ерлігінен бастап, Ұлы Отан соғысы батырларының қаһармандығына дейін тарихымыздың түрлі кезеңдеріндегі жауынгерлік рухты бейнелейтін тарихи-мәдени жәдігерлерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қалыптасуы мен дамуына қатысты материалдарды ұсынады.
Көрменің ашылу салтанатына Елбасы кітапханасының өкілдері, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Ш.Уәлиханов атындағы әскери колледжі мен Ақмола облысы Бурабай ауданы әкімдігінің басшылығы қатысады.
Аталмыш көрме 3 бөлімнен құралады:
- «Қазақ мемлекеттілігі тарихындағы батырлардың рөлі мен орны»;
- «Ұлы Отан соғысының батырлары»;
- «Қазақстан Республикасының Қарулы күштері».
Щучинск қаласындағы мектептердің кадеттері мен оқу озаттарына арналған тақырыптық экскурсиялар қазақ және орыс тілдерінде өтеді.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!
Оған қажетті мәліметті 19.05.22 күнгі сағат 15.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрон поштасына жіберген жөн. Байланыс нөмірлері: + 7 (7172) 69-30-56 немесе +77012502569 (Елбасы кітапханасы баспасөз қызметінің аға сарапшысы Исина Айгерім).
БАҚ өкілдерін аккредитациялау нысаны
Аты-жөні
Жұмыс орны, лауазымы
Төл құжат №
Техника атауы
(маркасы, серия нөмері) ұялы телефон, флешка, ноутбук техникасын қоса алғанда