ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ КІТАПХАНАСЫНДА «КӨҢІЛДІҢ АСЫЛ ПЕРНЕСІ …» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МЕН ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІН МАРАПАТТАУ РӘСІМІ ӨТЕДІ.

28 қараша күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің кітапханасында «Көңілдің асыл пернесі …» / «Сокровенные струны души …» халықаралық шығармашылық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтеді.

Іс-шараға Қазақстанның көрнекті мемлекеттік саяси және қоғам қайраткерлері, шетелдік дипломатиялық өкілдіктер мен миссиялардың басшылары, мәдениет және өнер өкілдері, белгілі қазақстандық орындаушылар қатысады.

Жобаның мақсаты жалпы білім беретін мектептердегі дарынды балаларды анықтау және қолдау және олардың қазақ халқының музыкалық мұрасына деген қызығушылығын арттыру болып табылады.

2022 жылы байқауға 136 өтінім түсті, оның ішінде Грузия, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан, Қытай және Индонезия қатысушыларынан.

 

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!

Оған қажетті мәліметті 25.11.22 күнгі сағат 18.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com  электрон поштасына жіберген жөн.

Байланыс нөмірі: + 7 (7172) 69-30-50.