2022 жылғы 28 қыркүйек сағат 11.00-де Тұңғыш Президент кітапханасында (Ә. Бөкейхан көшесі, 1а) Бірінші Дүниежүзі қазақтары құрылтайының 30 жылдығына арналған «Қазақ елі: өсіп-өркендеудің тұжырымдамалық негіздері және жаһанданған әлемге бейімделу» Халықаралық форумы өтеді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму, Мәдениет және спорт, Сыртқы істер министрліктерінің басшылары, Қазақстанның депутаттық және дипломатиялық корпусының өкілдері, сондай-ақ мемлекет және қоғам қайраткерлері – Әзірбайжан, Германия, Дания, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Ресей, Түркия, Франция, Өзбекстан қазақ диаспораларының өкілдері, ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері қатысады.
Қатысушылар I Дүниежүзі қазақтары құрылтайының алғышарттарын, ұйымдастыру мен өткізу тарихын, оның маңызы мен нәтижелерін, сондай-ақ қазақ халқының тарихи-мәдени мұрасын сақтау және қазіргі сын-тегеурін мен қауіп-қатер жағдайында ұлтты ұйыстырудың одан арғы перспективаларын талқылайды.
Халықаралық форум жұмысының қорытындысы бойынша материалдардың электронды жинағы шығарылады.
Бұған қоса, Форум жұмысы аясында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті кітапханасының қорындағы архив құжаттары мен кітаптарының көрмесі, дәстүрлі қазақ қолөнері мен ұлттық киімдерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді. Қонақтар назарына Тұңғыш Президент музейінің экспозициялары, сондай-ақ Дүниежүзі қазақтары құрылтайының 30 жылдығына арналған «Туған елім – тірегім» тақырыптық көрмесі ұсынылады.
14.30-да Дүниежүзі қазақтары ассоциациясы төрағасының бірінші орынбасары З.Қ. Тұрысбековпен «Дүниежүзілік құрылтайға 30 жыл» атты кездесуі өтеді.
БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс!
Оған қажетті мәліметті 27.09.22 күнгі сағат 18.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com электрон поштасына жіберген жөн.
Байланыс нөмірі: + 7 (7172) 69-30-56, + 7 701 250 25 69.