ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КІТАПХАНАСЫ ДҮНИЕЖҮЗІ ҚАЗАҚТАРЫ ҚҰРЫЛТАЙЫНЫҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «ТУҒАН ЕЛІМ – ТІРЕГІМ» КӨРМЕСІН АШАДЫ

2022 ж. 20 қыркүйекте сағат 15.00-де «Назарбаев орталығы» ғимаратының алаңында (Ә. Бөкейхан көшесі, 1) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінңң кітапханасы Дүниежүзі қазақтары құрылтайының 30 жылдығына арналған «Туған елім – тірегім» көрмесін ашады.

Қазақстан Республикасы егемендігі мен тәуелсіздігінің қалыптасу кезеңінде – 1992 жылы Алматыда әлемнің барлық елдеріндегі қазақ диаспорасын біріктірген қазақтардың І дүниежүзілік құрылтайы өтті. Осы Құрылтайдың нәтижесінде Қазақстан халқы Ассамблеясының, қазақ диаспорасының мәдени ұлттық орталықтары құрылды, республикада Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы құрылды, содан соң әлемдік және дәстүрлі діндер форумдары және т.б. өткізіліп келеді.

2022 жылғы маусымда Ұлытау облысында жаңа Қазақстанның құрылысы бойынша жалпыұлттық диалогтың әмбебап моделі ретінде өткізілген Ұлттық құрылтай халық съездерін өткізу тарихындағы жаңа кезеңге айналды.

І дүниежүзі қазақтары құрылтайының 30 жылдығына орай Кітапхана өзінің музей, архив, кітапхана жинағынның негізінде топтастырылған «Туған елім – тірегім» көрмесін өткізеді.

Құрылтай – нақты артефактілер мен архив материалдары арқылы жеткізуге қиындық туғызатын тарихи оқиға. Тақырып көрменің екі бөлімінде «саяси публицистика» жанрында ашылады:

І. «Құрылтай – ата-баба дәстүрін жаңғырту». Бұл бөлімде этностың тіршілік әрекетінің маңызды мәселелерін шешу үшін бүкіл әлемнің қазақтарын біріктіруге арналған Халық Жиналысының қалыптасу тарихы туралы материалдар ұсынылады.

ІІ. «Сабақтастық курсы. Жаңа Қазақстан». Бұл бөлімде тәуелсіздік жылдарындағы Құрылтай қызметінің негізгі аспектілері, мемлекет пен қоғамның ұлттық бірігуі, Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға бағытталған күш-жігерінің перспективалары ашылады.

Өзінің тарихи өткенін терең қастерлейтін қазақ халқында дәстүр сабақтастығы өте дамыған. Жаңа Қазақстанды құрудың негізгі идеялары дәл осы сабақтастық қағидаттарына негізделген.

Құрылтайлар ұлттық және азаматтық бірегейлік негізінде қазақстандық қоғамды жаңа Қазақстан идеясы төңірегінде топтастыру жөніндегі өзінің тарихи миссиясын орындауға арналған.

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс! Оған қажетті мәліметті 20.09.22 күнгі сағат 11.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com  электрон поштасына жіберген жөн.Байланыс нөмірі: + 7 (7172) 69-30-50.