ТҰҢҒЫШ БЕЛОРУС БАСПАГЕРІ ФРАНЦИСК СКОРИНАНЫҢ ҚОЛЖАЗБА БАСЫЛЫМДАР ЖИНАҒЫН ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫНА СЫЙҒА ТАРТУ РӘСІМІ

2017 жылдың 26 желтоқсан күні, сағат 11-00-де Назарбаев орталығы ғимаратында тұңғыш белорус баспагері Франциск Скоринаның қолжазба басылымдар жинағын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасына сыйға тарту рәсімі өтеді. Іс-шара Елбасы кітапханасының «Мәдениет арқылы үнқатысу» жобасының аясында Қазақстан Республикасындағы Беларусь Республикасының Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл рәсім Қазақстан мен Беларусь арасындағы дипломатиялық қатынастардың 25 жылдығына арналған іс-шараларды жалғастырады.

Кітаптар жинағы Беларусь Республикасының Ұлттық кітапханасынан ұсынылған. 2017 жылы Беларусь Республикасы және бүкіл әлемдік қауымдастық айтулы мереке – белорус және шығыс славян халықтарының кітап баспа өнерінің 500 жылдығын тойлауда. Бұл мерейтойдың әлемдік мәдениетте ерекше маңызы бар, сол себепті ЮНЕСКО-ның Айтулы күндер күнтізбесіне енгізілген.

Осы мерекенің аясында Франциск Скоринаның кітап мұрасының қолжазба басылымдарын қайта басып шығару бойынша халықаралық ғылыми баспа жобасы аяқталды.

Қазіргі таңда әлемге шығыс славян тұңғыш баспагерін таныстырған Беларусь елінде Ф. Скорина басылымдарының бір бөлігі ғана сақталған. Белорус ағартушысының дүниежүзі бойынша барлығы 520-ға жуық басылымдары сақталған, олар Ұлыбритания, Германия, Дания, Литва, Польша, Словения, Ресей, АҚШ және Украинаның кітапхана, музей және мұрағаттарында жинақталған.

Кітаптардың қолжазба басылымдары қалың жұртшылыққа белорус халқының мәдени мұрасының құнды бөлігін ұсынады және тарихи, филологиялық, мәдениеттанушылық, кітаптанушылық зеттеулер үшін алғашқы дереккөз болып табылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жуырдағы Беларусь Республикасына ресми сапары барысында дамыған екі ел арасындағы жоғары ынтымақтастық қатынастар деңгейінің бағыттары кеңіп, мәдени-гуманитарлық байланыстар тереңдей түсті. Оның айғағы ретінде салтанатты рәсімге елорданың қалың жұртшылығының өкілдері шақырылады.

 

Өткізілетін орны: Астана қаласы, Ә. Бөкейхан к-сі, 10.