«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЕТІСТІКТЕРІ» КВЕСТ-ЭКСКУРСИЯЛАР СЕРИЯСЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАУ

10 наурызда сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында (Бөкейхан көшесі, 1а) Нұр-Сұлтан қаласының оқушылары арасында Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналып өткізілген квест-экскурсиялар сериясының қорытындысы шығарылады. 
Квест-экскурсиялар – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті –Елбасы кітапханасының қызметкерлері әзірлеген оқушыларға арналған танымдық іс-шаралардың жаңа форматы. Ойын түріндегі экскурсиялар гидтердің сүйемелдеуінсіз өткізіледі әрі тапсырмалар тізбегінен тұрады. Қатысушылар белгілі бір экспонатты, архивтік құжатты немесе фотосуретті тауып, зерделеуі керек. Осылайша, тапсырмаларды шеше отырып, жастар ойын түрінде музей экспозициясымен танысады. 
Іс-шара барысында квест-экскурсияларда оқушылары жоғары белсенділік танытып, терең білім көрсеткен мектеп өкілдері марапатталады.  

БАҚ өкілдері аккредитациядан өтуі тиіс.
Оған қажетті мәліметті 10.03.2022 күнгі сағат 18.00-ге дейін presidentlibrary.pr.kz@gmail.com  электрондық поштасына жіберген жөн.
Байланыс нөмірлері: + 7 (7172) 69-30-57, 69-30-59.