Ағымдағы жылдың 16 наурызында сағат 15.30-да Елбасы кітапханасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тұғыры – Ұлы Дала арманы» атты кітап көрмесі ашылады.
Көрменің мақсаты – Тәуелсіздік алғаннан кейінгі Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қалыптасу тарихына шолу жасау, сындарлы жылдар ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кемел саясаты мен ерен еңбегі арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен толайым табыстарын, сондай-ақ қазақстандық қоғамдағы саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани игі өзгерістер белесін көпшілікке таныту.
Аталған кітап көрмесі 12 бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің тақырыптық атауы бар. Атап айтқанда, олар: «Тәуелсіздік бастауы және Елбасы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік нышандары», «Әлем таныған Қазақстан», «Қазақстан Республикасындағы президенттік институт», «Астана – Еуразия жүрегі», «Тәуелсіз Қазақстанның саяси-экономикалық, әлеуметтік даму белестері», «Қазақстан - спорттық держава», «Жаһандық қауіпсіздік үшін Қазақстанның Ядролық қарусыздану саясаты» және «Ғарышқа сапар» деп аталады. Бөлімдер тақырыбы бойынша көрмеге ғылыми, танымдық, академиялық әдебиеттер, энциклопедиялар мен сөздіктер, монографиялар мен оқу құралдары, көркем және классикалық туындылар қойылған.
Кітап көрмесі жыл аяғына дейін жұмыс жасайды. Елбасы кітапханасына келушілер, оқырмандар, қонақтар мен әртүрлі іс-шараға қатысушылар осы көрмені тамашалай алады.
Іс-шараға еліміздің мәдениет және мұрағат саласының өкілдері, мемлекеттік органдар басшылары, белгілі тұлғалар мен ғалымдар, студент жастар, оқырмандар мен Кітапхана ұжымы қатысты.
Мекенжай: Астана қ., Еңбекшілер көшесі, 10, «Назарбаев орталығы» (ғимаратқа кіру тек қана алдын ала рұқсатнама (аккредитация) арқылы жүзеге асады).
Конференцияға қатысуға ниет білдірген жағдайда 16 наурыз сағат 15.00-ге дейін растауыңызды және қатысатын журналистер тізімін келесі электронды поштаға presidentlibrary.pr.kz@gmail.com жіберуіңізді сұраймыз.
БАҚ аккредитациясы келесі телефон: 8 (7172) 69-30-57
Электронды пошта: presidentlibrary.pr.kz@gmail.com