2015 жылдың 15 мамырында сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында «Толеранттылық тағылымы» online семинар-тренингі өткізіледі.
Елбасы кітапханасының жаңа жобасы Қазақстан халқы ассамблеясының 20 жылдығына арналады. Шара ҚР Білім және ғылым министрлігінің, Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетімен, Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесе өткізіледі.
Семинарда білім алушы жастар арасында толеранттылықты, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бойынша ғылыми-әдістемелік жұмыстарды жетілдіру тәжірибесімен бөлісу, мәселелер талқылау жоспарланған.
Семинар-тренингке жоғары оқу орындары мен колледждердің оқытушылары, студенттері, мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен мұғалімдері шақырылады. Қатысуға ниет білдірушілер ұйымдастыру комитетіне хабарласа алады: akbota68@mail.ru, тел.: 8(7172) 69-30-16, Хамитова Ақбота Камойқызы.
Аккредитация телефондары: 8 7172 69-30-36, 8 777 9402313,
е-mail: presidentlibrary.pr.kz@gmail.com