«ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ – ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ» - «ПАМЯТЬ ВО ИМЯ БУДУЩЕГО» ЭКСПОЗИЦИЯСЫ ЖҰМЫСЫНЫҢ КЕСТЕСІ

Экспозиция жұмысының кестесі:

Дүйсенбі-жұма: сағат 10:00, 11:00, 12:00, 15:00, 16:00, 17:00.

Көрмеге 8 (7172) 69-30-42 телефон номері немесе www.presidentlibrary.kz сайтындағы «Оқырмандарға» бөлімі арқылы электронды түрде жазылуға болады.

Экспозициялық-көрме залына экскурсия тегін. Экскурсия қазақ және орыс тілдерінде жүреді.

Біздің мекен-жайымыз: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Еңбекшілер көшесі, 10. Ғимаратқа кіру үшін жеке куәлік қажет.

Экспозиция көрмесінен Қазақстанға жер аударылғандар туралы бірегей мұрағат деректерімен, 1937 жылдағы күштеп қоныс аудару және қуғын-сүргін туралы материалдармен, Карлаг картасы және фотоқұжаттарымен таныса аласыз. Сондай-ақ Қазақстан Республикасына шетел мемлекеттерінің жоғары лауазымды тұлғалары алғыс айту ретінде сыйға жіберген экспонаттарды, Қазақстан Республикасының Президенті және қазақ халқының атына қазіргі таңда шетелде тұрып жатқан жер аударылған азаматтар ұрпақтарының жазған хаттары және өзге де құжаттарды көруге болады.

Көрме 2016 жылдың 31 мамырына дейін жалғасады.