26 қарашада сағат 12.00-де Елбасы кітапханасы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Тұңғыш» көшпелі экскурсиялық жобасының тұсаукесер рәсімін өткізеді.
Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбеков және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, қала тұрғындары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері қатысады.
Елбасы кітапханасының «Тұңғыш» көшпелі экскурсиялық жобасы Мемлекет басшысының жасампаз идеялары мен бастамаларын, кітапхананың бірегей қорларын насихаттап, келушілерді Н. Ә. Назарбаевтың өмір жолы мен қызметімен таныстырады.
Аталмыш іс-шарамен қатар «Шығармашылық. Жасампаздық. Инновациялар» көшпелі қор көрмесінің де ашылуы өтеді. Көрме Елбасы кітапханасының архив, музей және кітапхана жинағы материалдары арқылы Мемлекет басшысының білім және инновация саласындағы жасампаздық жолына шолу жасауды көздейді.
Көрмеде Мемлекет басшысына ерен еңбегі мен жаһандық бастамалары үшін берілген қоғамдық наградалар кешені ұсынылады. Н. Ә. Назарбаев көптеген отандық және шетелдік жоғары оқу орындарының құрметті докторы, профессоры. Экспозицияда алғаш рет Еуропа, Америка және Азия елдерінің беделді жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелерінен тарту етілген 25 мантия қойылады.
«Шығармашылық. Жасампаздық. Инновациялар» көрмесі Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде (Астана қ., Сәтпаев 2, 1 қабат, атриум «Күлтегін») 2018 жылдың 20 желтоқсанына дейін жалғасады.
Елбасы кітапханасының «Тұңғыш» көшпелі экскурсиялық жобасы туралы мәлімет
«Тарихи таңдау. Бастау», «Тарихи таңдау. Өрлеу», «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі», «Атамекен» – тақырыптарына көшпелі экскурсиялар өткізіледі.
«Тарихи таңдау. Бастау» – тақырыптық көшпелі экскурсиясы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, Жоғарғы Кеңес төрағасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне дейінгі сирек фотосуреттер, бейнематериалдар, мұрағаттық құжаттардың толық кешенімен және өмірбаянымен байланысты деректермен таныстырады. Тыңдаушылар ХХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы құжаттармен танысып, Қазақ КСР республикалық баспасөзінде жарияланған мақалаларды оқи алады.
«Тарихи таңдау. Өрлеу» экскурсиясының негізгі мақсаты – мұрағат материалдары негізінде әлемдік қауымдастық елдерімен тату көршілік пен ынтымақтастықты дамытуға бағытталған Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қадамдары негізінде дәйекті түрде толық көрсету. Экскурсияның 1991-2000 жылдардағы хронологиялық шеңбері – тарихи салдары бойынша ең драмалық кезең болды.
«Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» тақырыптық экскурсиясы әр жылдары Н.Ә. Назарбаевқа берілген шетелдік жоғары наградалардың коллекциясымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік және қоғамдық наградалардың үлгілерімен таныстырады.
«Атамекен» тақырыптық экскурсиясы мектеп оқушыларына өткізіледі. Экскурсияның негізгі мақсаты баланың жеке қасиеттерін қалыптастыратын мұражай құндылықтарын көрсету болып табылады. Материалдар Н.Ә. Назарбаевтың туған жері, отбасы, балалық шағы, мектеп жылдары туралы баяндайды. Оның өмірбаяны тәуелсіз Қазақстанның тарихымен тығыз байланысты.
Көшпелі экскурсиялардың форматы қатысушыларға бірегей материалдар жиынтығымен танысуға, оның ішінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының тарихи жолын ашатын бейнохрониканың сирек кадрларын, фотосуреттер мен мұрағаттық құжаттарын және мұражай экспонаттарын қолға ұстап көруге мүмкіндік береді.
Жобаға Астана қаласы мен қала маңындағы ауылдардың тұрғындары, мектеп оқушылары, ЖОО студенттері және әскери қызметшілер қатысады:
23 қараша, сағат 10.30 – «Наурыз» б/б;
26 қараша, сағат 12.00 - Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
28 қараша, сағат 10.30 – Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Талапкер ауылының № 3 ОМ;
29 қараша, сағат 10.30 – ҚР Ұлттық гвардиясының № 5573 ә/б;
30 қараша, сағат 10.30 – «Нұр Отан» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауы.