«РӘМІЗДЕРІМ – МАҚТАНЫШЫМ» атты үздік бейнероликке арналған қалалық байқауы

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің қабылданғанына 30 жыл толуына орай «РӘМІЗДЕРІМ – МАҚТАНЫШЫМ» атты үздік бейнероликке арналған қалалық байқау өткізеді. 

Байқау оқушылардың мемлекет рәміздері, олардың ел азаматтарының өміріндегі рөлі мен мақсаты туралы білім деңгейін арттыруға, өскелең ұрпақтың бойында патриоттық сана мен белсенді өмірлік ұстанымды қалыптастыруға бағытталған.
Байқауға Нұр-Сұлтан қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 7-11 сынып оқушылары қатыса алады. 
Жұмыс жеке және ұжымдық болуы мүмкін. Бейнеролик байқаудың тақырыбына сәйкес келуі, Мемлекеттік рәміздердің ел және әрбір азамат өміріндегі рөлі мен маңызын көрсетуі тиіс. Ұзақтығы – 3 минуттан аспауы қажет, өлшемі – 500 Мб дейін, форматы: MOV, MPEG, AVI, MP4.
Қатысуға өтінімдер 2022 жылғы 5 сәуір – 5 мамыр аралығында cmp_museum@mail.ru электрондық поштасына қабылданады (1, 2-қосымшаларды қараңыз).
Барлық қатысушылар сертификаттар иеленеді, жеңімпаздарға (I, II, III орын иегерлеріне) дипломдар мен сыйлықтар табыс етіледі.
Байқаудың қорытындысы туралы Ереже мен материалдар Елбасы кітапханасының сайтында жарияланатын болады: www.elbasylibrary.gov.kz.
Барлық ниет білдірушілерді байқауға қатысуға шақырамыз!
Үйлестірушілер: Кушунова Д.С., Өзенбаева Қ.М.
Тел. (7172) 69-30-64; 70-05-83; +77015735723, +77761801175
E-mail: cmp_museum@mail.ru