РЕСЕЙ СУРЕТШІСІ НАТАЛЬЯ ШЕВЧЕНКОНЫҢ «АҚ ТІЛЕКПЕН, АСТАНА» АТТЫ ЖЕКЕ КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУЫ

2018 жылдың 30 наурызында сағат 17.00-де Елбасы кітапханасында («Назарбаев орталығы» ғимараты) шығармашылық ортада Натан лақап атымен белгілі ресейлік суретші Наталья Шевченконың «Ақ тілекпен, Астана» атты жеке көрмесінің ашылу рәсімі өтеді.

Көрме Кітапхананың «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасы аясында Қазақстандағы Ресей Федерациясының Елшілігі, «Қосымша білім беру консалтингтік орталығы» коммерциялық емес серіктестігінің негізінде ұйымдастырылды.

Көрменің мақсаты соңғы жылдары туындылары Ресей мен шет елдерде белсенді түрде көрмеге қойылып, жұмыстары жеке коллекциялар мен музей жинағына сатып алынған автордың шығармашылығын толыққанды көрсету. Натанның жұмыстары Ресей мен шет елдердің 24 музейінде қойылған. Автор Ресей суретшілерінің шығармашылық одағының мүшесі, «Әлем. Энергия. Адам» (2016, Астана ж.) IV Халықаралық суретшілер байқауының II деңгейдегі лауреаты болып табылады.

Өнертанушылар Натан шығармаларына деген қызығушылық оның ішкі шығармашылық әлеуетіне ғана емес, кәсіби көркемдік білімі болмаса да қазіргі таңдағы танымал әрі қарапайым өнер үлгісін қалай сезінсе, солай қалам тартуды көздейтін жазба мәнеріне де негізделеді деп санайды. Суретшінің жұмыстарындағы мәнерлі бояумен бейнеленген көркемдік образдардан шебердің құдіретті өнер иесі екендігін айқын аңғаруға болады.

Көрмеде автордың ең табысты «Балет» және «Спорт» көрме жобаларынан 57 жұмысы ұсынылатын болады.

 

«Ақ тілекпен, Астана» көрмесі 2018 жылдың 18 сәуіріне дейін жалғасады.

 

Мекенжайымыз: Астана қаласы, Ә. Бөкейхан көшесі, 1.