«ПЕТРИКОВ ЖАЗУЫ – АДАМЗАТТЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС МӘДЕНИ МҰРАСЫ» ЖЕКЕ КӨРМЕСІ АШЫЛАДЫ

2017 жылдың 3 сәуірінде сағат 17.00-де Елбасы кітапханасының музейі ғимаратында (Бейбітшілік к-сі, 11) украин суретшісі, Украинаның Ұлттық суретшілер одағының мүшесі, Морестен қаласының (2013, Франция) заманауи өнер қауымдастығының мүшесі Галина Назаренконың «Петриков жазуы – адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы» атты шеберлік-сыныбы және жеке көрмесінің ашылуы өтеді. Көрме музейдің «Мәдениет арқылы үнқатысу» халықаралық жобасының аясында Қазақстандағы Украинаның елшілігі қолдауымен ұйымдастырылады.

Галина Алексеевна – қазіргі заманғы танымал петриков шеберлерінің бірі. Оның қоржынында ондаған көрмелер бар. Оның ішінде Украина, Франция, Болгария, АҚШ, Канада, Қытай, Грузия, Беларусия, Кувейт, Өзбекстан, Түркменстан, Испания, Грекия, Нидерланды тәрізді әлемнің көптеген елдерінде өткен 30-дан астам жеке көрмелерін атап өтуге болады. Сонымен қатар ол үш шіркеудің интерьерін бейнелеуге қатысқан: Әулие Юрий (Киев, 2011), Шевченково ауылындағы Покров шіркеуі (Киев обл., 2014), Әулие Трапез (2015) және Париждегі Украина мәдени орталығы (Франция, 2012).

Көрме экспозициясына автордың 50-ден астам жұмысы ұсынылады. Олардың әрқайсысы аты аңызға айналған аға буын шеберлерінің өзіндік ерекшелігі мен ең үздік дәстүр сабақтастығын көрсетеді. Галина Назаренконың әрбір туындысы – туған өлкенің сұлулығын әнге қосу, мерекені сезінуге толы.

Бағдарлама:

16.00. – Петриков өнері бойынша шеберлік-сыныптар;

17.00. – көрмесінің ашылуы.

«Петриков жазуы – адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасы» көрмесі 2017 жылдың 13 сәуіріне дейін жалғасады.

 

Кіру тегін.

Мекенжайы: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 11.